Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі америкалық баскетболшы тікұшақ апатынан қызымен бірге қаза болды

Опубликовано:

Спорттағы кәсіби мансабын аяқтаған америкалық танымал баскетболшы Коби Брайант тікұшақ апатынан қызымен бірге көз жұмды. Қыз бала әкесімен бірге баскетболдан жаттығуға бара жатқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коби Брайант. Фото: prosports.kz
Коби Брайант. Фото: prosports.kz: Depositphotos

Қайғылы жағдай 26 қаңтар күні Лос-Анджелеске жақын маңда болған. Әуе кемесінің бортында Коби Брайанттан бөлек тағы үш адам мен ұшқыш болған деп жазады TMZ.

Оқыс оқиғадан ешкім аман қалмаған.

Кейінірек белгілі болғандай қаза болғандар арасында Коби Брайанттың 13 жастағы қызы Джанна Мария да бар екені анықталды. Ол әкесімен бірге баскетболдан жаттығуға бара жатқан.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жай анықталып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Айта кетейік, мансабын 2016 жылы аяқтаған Коби Брайант 20 жыл бойы Ұлттық баскетбол қауымдастығындағы "Лос-Анджелес Лейкерс" командасының намысын қорғап, бес рет чемпиондық титулды жеңіп алған.

Ол 18 рет жұлдыздар матчтында өнер көрсетіп, тұрақты түрде өтетін танымал чемпионаттың ең қымбат және екі рет финалдық плей-офф сериясының ең қымбат ойыншысы атанған.

Брайант ҰБҚ (Ұлттық баскетбол қауымдастығы) тарихындағы ең нәтижелі ойыншылар арасында алдын Леброн Джеймс орап кетпегенше, 33643 ұпаймен үшінші орында тұрған.

Сондай-ақ, АҚШ ұлттық құрамасымен Олимпиада ойындарында 2008, 2012 жылдары жеңіске жетіп, 2007 жылы Америка чемпионатын жеңіп алған.

Коби Брайанттың артында жұбайы мен үш қызы қалды.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырап, салдарынан 12 адам қаза болған еді.

Сондай-ақ, 2020 жылдың 8 қаңтарда таңертең Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайынан ұшып шыққан украиналық Boeing 737 лайнері әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң апатқа ұшыраған болатын.

Әуе кемесінің бортында болғандардың барлығы қаза тапты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1837911-jgili-amerikalyk-basketbolsy-tiksak-apatynan-kyzymen-birge-kaza-boldy/

pixel