Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүздеген жолаушысы бар ұшақ атыс кезінде апатқа ұшырай жаздады

Жарияланған күні:

Израильде 172 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырай жаздады. Әуе кемесі Сирия қарулы күштерінің шабуылынан аман қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

самолет
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Бұл туралы РИА Новостиге Сириядағы "Хмеймим" әуебазасында жолаушылар мінген әуе кемесін қабылдаған Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі хабарлады.

Генерал Конашенковтың айтуынша, 6 ақпанға қараған түні израильдік жойғыштар Сирияның Дамаск қаласына іргелес жатқан аумаққа бірнеше зымырандарын ұшырған. Сирия тарапы шабуылдарға зениттік-зымырандық жүйелермен жауап беру туралы шешім қабылдаған.

Екі ел арасындағы "атыс" кезінде Дамаск әуежайына бортында 170 адамы бар лайнер ұшып келген. Алайда ол ұшу-қону жолағына қонбаған.

Ресейлік генералдың айтуынша, әуежай диспетчерлерінің кәсібилігінің және әуе қозғалысын басқару жүйесінің автоматтандырылған жұмысы арқасында ғана қайғылы жағдайдың алды алынған. Осы факторлардың арқасында қонуға келген ұшақ қауіпті аймақтан тысқары жерге, қауіпсіз "Хмеймим" ресейлік базасына барған.

РФ Қорғаныс министрлігі өкілінің айтуынша, Израиль тарапы елге ұшып келіп жатқан барлық жолаушылар рейсінің қозғалысын біліп отырған. Оның сөзінше, Израиль әскери күштерінің мұндай әрекеттерімен "жүздеген жазықсыз адамдардың өмірін қиюға болмайды".

Еске сала кетсек, Иранда 180 жолаушысы бар Украинаның Boeing 737 әуе кемесі апатқа ұшыраған еді. Лайнерге Иранның зымыраны тиген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1839893-zzdegen-zolausysy-bar-sak-atys-kezinde-apatka-syraj-zazdady/