ІІМ Қордайдағы жанжал кезінде көрші ауыл тұрғынының қаза болғанын растады
Жарияланған күні:
Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде көрші ауылдан келген Дархан Әбдірахым есімді азамат қайтыс болған. Бұл ақпаратты Қазақстанның ішкі істер министрлігі растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Дархан Әбдірахымның қазасы жайлы Facebook желісінде Азамат Ерғали есімді белсенді азамат жазды.
"Қайтыс болған Дархан Әбдірахым туралы не белгілі? Ол - қазақ. Әліде болса оның туыстары Дарханның өлімі туралы куәлікті ала алмауда. Дархан жеке тасымалдаумен айналысқан. Оның құжаттары көлікте болған. Жанжал болған түні Дархан Масанчиге ауданның басқа тұрғындары секілді көмекке барған. Ол 25 жаста еді. Оны қанға боялған жерінен тауып алған. (...)
Көлігі бүлінген, құжаттары жоғалған. Ол отбасындағы жалғыз бала еді. Дарханның артында үш баласы қалды. Көлігін кредитке алған. Жергілікті атқарушы органдардан қайтыс болған Дарханның ата-анасына ешкім барған жоқ. Журналистер де келмеді", - деп жазды ол.
ІІМ баспасөз қызметіндегілер Дархан Әбдірахымның қаза тапқан 10 адамның ішінде барын Tengrinews.kz тілшілеріне растаған.
"Иә, ол (Дархан Әбдірахым) қаза тапқан 10 адамның ішінде бар", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Еске сала кетейік, Жамбыл облысы, Қордай ауданында 7 ақпан күні жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалдан 8 адам қаза тауып, 40-тан аса адам әртүрлі жарақат алған.
9 ақпанда тағы екі адамның қайтыс болғаны хабарланып, жаппай тәртіпсіздіктен көз жұмғандар саны 10 адамға жетті.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1840151-iim-kordajdagy-zanzal-kezinde-krsi-auyl-trgynyny-kaza-bolganyn-rastady/