Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қордайдағы жанжал кезінде екі бірдей дүкені өртенген тұрғын сұхбат берді

Жарияланған күні:

Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жанжал кезінде Рамазан есімді дүнген азаматының екі бірдей дүкені өртеніп кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Қордайдағы жанжал кезінде дүкені өртенген ер адам сұхбат берді
Рамазан. Фото: baq.kz: Facebook

Рамазан осы оқиғадан кейін көршілес Қырғызстанға кетіп қалмақшы болыпты. Алайда ол қайтып келіп, бүгінде оның отбасы мешітте тұрып жатқан көрінеді.

"Өзім осы Масанчиде туып өскенмін. Оқиға болған күннің ертеңінде Қырғызстанның шекарадағы Тоқмақ қаласына бармақшы болғанбыз. Бірақ қайтып алып келді. Қазіргі кезде отбасым мешітте тұрып жатыр. 35 жастамын. Жиеніме осы төбелесте оқ тиген. Қайтыс болды", – дейді Рамазан.

Ер адамның айтуынша, Масанчи ауылында екі дүкені болған. Жанжал кезінде сауда орны өртке оранған.

"Жұма күні кешкі сағат 19:30 кезінде дүкенім өртенді. Олар тас лақтырды. Сосын жауып тастағанмын. Сосын өздері ашып, ішіндегі тауарларды алып кетті. Енді мемлекет қолдау көрсетсе жақсы болар еді", – дейді ол.

Айтак кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрі Қордай ауданындағы жанжалдың салдарынан 30-дан аса үй мен 15 нысанға және 23 көлікке зақым келгенін айтқан еді.

Еске сала кетсек, Жамбыл облысы, Қордай ауданында 7 ақпан күні жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалдан 8 адам қаза тауып, 40-тан аса адам әртүрлі жарақат алды.

9 ақпанда тағы екі адамның қайтыс болғаны хабарланып, жаппай тәртіпсіздіктен көз жұмғандар саны 10 адамға жетті.

Соңғы деректерге сәйкес, медициналық көмекке 178 қазақстандық жүгінген. 19 құқық қорғау органдарының қызметкерлері зардап шегіп, оның жартысы оқ жарақатын алған.

Аталған жағдайдан соң 25 қылмыстық іс қозғалған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1840480-kordajdagy-zanzal-kezinde-eki-birdej-dkeni-rtengen-trgyn-shbat-berdi/