Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында шаңғымен жарысқан оқушы қыз құдыққа құлап түсті

Опубликовано:

Қостанай облысы Федоровка ауылы маңындағы Жаман Жаркөл көлінде шаңғы жарысына қатысқан алтыншы сынып оқушысы құдыққа құлап түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Newtimes.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Белгілі болғандай, Федоров ауылдық округінің өтініші бойынша сайыс өтетін күні қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті өрт сөндіру бөлімінің № 7 кезекші бөлімшесі сол ауылда болған.

Шаңғы жарысы өткен күні шамамен 13:55-те азаматтық қорғау қызметкері қатысушылардың бірінің тепе-теңдікті жоғалтып, қар астында қалған құдыққа құлап түскендігінің куәсі болған.

Ол дереу болған жайтты құтқарушыларға мәлімдеген.

Оқиға орнына келіп жеткен азаматтық қорғау сержанттарының бірі оқушы құлаған жерде жай шұңқыр емес, іші суға толы құдық екенін көрген. Ол дереу құдық түбіне түсіп, алтыншы сынып оқушысын тысқа алып шыққан.

Оқушы қызды сол арада жедел жәрдем қызметкерлеріне беріп, оған тиісті көмек көрсетілген.

Басылымның мәліметінше шаңғы жарысына қатысқан оқушы қыз жарыс барысында құдықты аңғармаған көрінеді.

Алтыншы сынып оқушысының денсулығына зақым келмеген. Анықталғандай ол Кеңарал орта мектебінің оқушысы болған. Оқушы зардап шекпегендігін айтып, құтқарушыларға алғысын жаудырған.

Айта кетейік, бұл елімізде балалар құдыққа түскен алғашқы жағдай емес. Былтыр күзде желіде балалардың көшедегі құдыққа түсіп кеткен видеосы таралса, былтырғы жылы Нұр-Сұлтанда 13 жастағы оқушы құдыққа түсіп, қаза болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1841687-kostanaj-oblysnyda-sagymen-zaryskan-okusy-kyz-kdykka-klap-tsti/

pixel