Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында жас оқытушыны ауылдасы зорлап кеткен

Опубликовано:

Павлодар облысы Майқарағай ауылында жас оқытушы зорланды. Ауылдасы беймезгіл уақытта мектепке бара жатқан маманның артынан қуып, арам ойын тастанды үйде жүзеге асырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Павлодар облысында жас оқытушы тастанды үйде зорланды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

19 жастағы арудың өмірінде болған қайғылы жағдай туралы ақпарат Facebook-тегі "Немолчиkz" тобында пайда болды.

Қоғамдық қордың парақшасыда жас мұғалімге қатысты зорлық-зомбылық әрекеттердің 25 ақпаннан 26-на қараған түні жасалғаны белгілі болды.

Бойжеткен бұл уақытта ол жерге жұмыс істеу үшін барған. Жол жөнекей ол ауылдасын кездестіріп қалады, содан кейін ер адам оның артынан қуа бастайды.

Ол қызды қуып жетіп алады. Содан соң қаскөй оқытушыны тастанды үйге кіргіпзіп, сол жерде арам ойын іске асырыпты.

Кейінірек жазбада ер адамның қызды қуалап бара жатқанын көрген екі куәгердің болғаны айтылған.

"Мұндай дүниенің болуына қалай ғана жол беруге болады? Қазір бұл екеуі тергелуде, бірақ, олар іске қатысты болғылары келмейді, бәрінен бас тартып отыр. Ару енді жиіркенішті сараптамалар мен тергеулерден өтуде. Оны енді азапты сот істері күтуде", - деп жазылды әлеуметтік желідегіпарақшада.

Сондай-ақ, анықталғандай, жас маман басқа ауылдан келіпті. Күдікті қазіргі атңда іздестірілуде. Жергілікті тұрғындар үреймен өмір сүруде.

Сонымен қатар, өңірдің ПД-і зорлық әрекетін растады. Полиция ер адамның бірнеше рет мал ұрлығы үшін жауапты болғанфн, алайда сотта екі тарап татуласқаны себепті істің жабыла бергені айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысында аязда қалған жандарға ешбір жүргізуші көмектеспеген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1842884-pavlodar-oblysynda-zas-okytusyny-auyldasy-zorlap-ketken/

pixel