Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда 26 жастағы келіншек өзі мен екі баласына пышақ жарақатын салған

Опубликовано:

Қостанайда өзі мен екі баласына пышақ жарақатын салған 26 жастағы келіншек ауруханаға жеткізілді. Белгілі болғандай, оның психикалық ауруы қозған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ kstnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанайда 26 жастағы келіншек екі баласын және өзін өлтірмек болған
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"Пәтер иелерінің кооперативі аумағына қоңырау таңертеңгі сағат үште түсті. 26 жастағы әйел (ана) қалалық аурухананың жедел жәрдем бөліміне жеткізілді. Өз-өзіне қол жұмсау әрекеті тіркелді. Әйелдің білегі тілінген", - деді басқарманың баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.

Анасы екі баласына да пышақ жарақатын салған. Олар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Бір жасар және үш жасар бала да білек жарақатын алған. Дәрігерлердің айтуынша, анасы психикалық ауруы қозған.

Қазір оның жағдайы тұрақты. Ол қалалық аурухананың травматология бөлімінде балақайлар балалар ауруханасының травматология бөлімінде жатыр.

Келіншектің мұндай қадамға баруына нақты ненің себеп болғаны белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бұрын Қостанайда осыған ұқсас жағдай орын алған. Әйел аам өзінің 13 жастағы қызын пышақ салған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1850856-kostanajda-26-zastagy-kelinsek-zi-men-eki-balasyna-pysak-zarakatyn-salgan/

pixel