Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

10 баласы бар: Көкшетауда егде жастағы ерлі-зайыптыларды өлтіріп кеткен

Жарияланған күні:

Көкшетауда көпқабатты үйлердің бірінен әйелі мен күйеуінің жансыз денесі табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

10 баласы бар: Көкшетауда ерлі-зайыптылар өлі күйде табылды
Фото: Сәуле Құсайынова: UGC

Көкшетауда атышулы кісі өлімі болды. Жедел жәрдем станциясына Есенберлин көшесіндегі көп пәтерлі үйден қоңырау түсті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 30 сәуірде осы мекенжай бойынша қоңырау түскенін растады. Әуелде 59 жастағы әйелдің подъезде өзін нашар сезінгені хабарланған.

Қала маңындағы Красный Яр ауылының тұрғыны ата-анасын көріп қайтуға келген, алайда олардың жансыз денесін тауып, күйзеліске түскен.

Бригада келген кезде пәтерден екі ер адам мен зорлықпен өлтірілген әйелдің денесі табылды.

1937 жылы туған ер адам тұншықтырылып өлтірілген. Ал 1943 жылы туған әйелі пышақталған. Бастапқы нұсқа бойынша, оқиға 29 сәуірге қараған түні болуы мүмкін.

Өткен жылы зейнеткерлер қалалық аурухананың жанындағы жаңа үйдің бірінші қабатындағы пәтерге қоныстанған еді.

Қылмыс орнында жұмыс істейтін полиция ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі (екі немесе одан да көп адамды өлтіру) бойынша қылмыстық істің қозғалғанын хабарлады. Болжам бойынша, қаскөйлер терезеден кірген.

Ерлі-зайыптылар көбалалы болған, олардың он баласы бар.

Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте Мақтаарал ауданында екі жазатайым оқиға болы, кәмелетке толмаған екі бала көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1853788-kksetauda-10-balasy-bar-erli-zajyptylar-li-kjinde-tabyldy/