Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында тағы бірнеше ауылды су басты (фото, видео)

Опубликовано:

13 мамыр түнде Түркістан облысында жауын-шашын салдарынан бірнеше үй мен аулаларды су басты. Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялап жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Түркістан облысында тағы бірнеше ауылды су басты (фото)
Фото: ТЖК: UGC

Соңғы ақпараттарға сәйкес, Еңбекші ауданында орналасқан Елтай ықшамауданында 60 жекеменшік үй аумағын су басқан. Су облыстың Төлеби ауданындағы арық жүйесінен келген.

Тәртіп сақшылары мен құтқарушылар және жергілікті атқарушы биліктің басқа да қызметкерлері тұрғындарды эвакуациялауды өз мойнына алды. Жақын маңдағы Тоғыс ауылында екі эвакуациялық пункт құрылды. Олар 119-шы және 120- мектепте.

Түркістан облысында тағы бірнеше ауылды су басты (фото)
Фото: ТЖК: UGC

Сонымен қатар, су сору және арық жолдарын қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Аталған іске Шымкенттен ТЖД 57 қызметкері мен 14 техника бірлігі жұмылдырылды.

Айта кетейік, топан су алдымен Төлеби ауданын басты. Комитетте хабарлағандай, қатты нөсер салдарынан Қасқасу өзеніндегі су арнасынан асып кеткен. Тасыған су ақырында Төлеби ауданы Екпінді ауылындағы төрт үй мен 15 алаңды басып қалған. Ал Жоғарғы атты екінші елдімекенде су төрт автокөлік көпірін шайып кетті.

ҚазАқпарат мәліметінше, Қазығұрт ауданында Алтынтөбе, Жігерген, С.Рақымов ауыл округтері тұрғындарынан да жаңбыр суы жиналғаны туралы хабар келіп түскен.

Ал Сайрам ауданында нɵсерлi жауын-шашын салдарынан Ақсукент, Қарасу, Қарабұлақ, Манкент ауылдарындағы 7 үйдің ауласына су жиналған.

Cонымен қатар, Бәйдібек ауданында Ақбастау ауылдық округіне қарасты Тұрақты елді мекенінде жауын-шашын салдарынан Тұтарық арнасы 4 жерінен бұзылып, ауылды су басқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1855682-trkistan-oblysynda-tagy-birnese-auyldy-su-basty-foto-video/

pixel