Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде шырт ұйқыда жатқан бір отбасын ауылдасы өрттен құтқарып қалды (фото, видео)

Опубликовано:

Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық ауылында үйі өртеніп, шырт ұйқыда жатқан жеті адамды ауылдастары ажалдан аман алып қалды. Бие саууға шыққан ауыл тұрғыны жанған үйге терезеден кіріп, үш бала мен жүкті келіншекті және мүгедек жолдасын сыртқа шығарған. Мән-жайды бүгін таңда ауылдастарының батасын алған азаматтың өз аузынан естідік деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде шырт ұйқыда жатқан бір отбасын ауылдасы өрттен құтқарып қалды (фото, видео)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Getty Images
"Мен өзімді батыр санамаймын. Таңғы сағат 4 шамасында тұрып, бие сауатын едім. Жылқыны әкелуге шыққанымда әйел адамның айқайлап жатқан даусын естідім. Дыбыс шыққан жақта бірдеңе өртеніп жатқандай көрінді.  Ауылда үй арасы алыс емес. Үйдің өртеніп жатқанына көзім жетті. Сыртта көршісі Жансұлу апа келінімен жанып жатқан үйге жақындай алмай, іштегілерді ояту үшін айқайлап жүр екен. Осы оқиғаның барлығы 1-2 минуттың ішінде болып жатты.
Бірден жүгіріп үйдің есігіне бардым. Іштен ілінген есікті қанша тартып, қақсам да аша алмадым. Ойлануға уақыт жоқ. Жерде жетқан 40 литрлік бөшкемен терезені ұрып, ішке кірдім. Ас бөлмесі екен. Түтін күшейіп кеткен, ішкі есіктері жанып жатты. Сыртқа қайта шығып, үйді айналып жүріп басқа терезесін сындырдым. Үйдің иесі де тұрды. Сол жерде үш баланы, мүгедек жігітті жүкті келіншегімен және кемпір-шалды сыртқа шығарып алдық. Қас- қағым сәтте болды. Ең бастысы - адамдар аман",- дейді ауыл тұрғыны Медет Сүйенішұлы.
Ақтөбеде шырт ұйқыда жатқан бір отбасын ауылдасы өрттен құтқарып қалды (фото, видео)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Ал өрттен аман қалған немерелері, бас амандығы үшін көңілі босаған отанасы жерлестеріне батасын беруде.

Ақтөбеде шырт ұйқыда жатқан бір отбасын ауылдасы өрттен құтқарып қалды (фото, видео)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Instagram
"Мың да бір алғыс. Көршілерімнің арқасында аман қалдық. Медет балам, жүз жаса! Бүгінгі күннің батырысың! Шиеттей отбасымды, немерелерімді аман алып қалды. Толқып тұрмын",-дейді Гүлсім Өтепбаева.
Ақтөбеде шырт ұйқыда жатқан бір отбасын ауылдасы өрттен құтқарып қалды (фото, видео)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Оқиғаны аудан әкімі де әлеуметтік желіде баяндаған. Ауылдың бас көтерер азаматтары қиын жағдайда қалған ауылдастарына көмек көрсетуде.

"Бүгін түнде Шұбарқұдықта электр желісінің қысқа тұйықталуынан жеке тұрғын үйді өрт шалды. Тілсіз жауды алғаш байқап, үш сәби мен төрт ересек жанды терезені бұзып кіріп, құтқарған Медет Сүйенішұлына барша темірліктердің атынан ризашылығымды білдіремін. Медет ұлтын сүйетін, елге жанашыр жан. Ауданда ат спортының дамуына атсалысып жүрген бірден-бір азамат. Бейбіт күнде ерлік жасаған жерлесіміздің бұл ісі қандай да қошемет пен марапатқа лайық деп санаймын",- дейлі Темір ауданының әкімі Жолдас Батырхан Instagram парақшасында.
Ақтөбеде шырт ұйқыда жатқан бір отбасын ауылдасы өрттен құтқарып қалды (фото, видео)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Getty Images

Ақтөбеде шырт ұйқыда жатқан бір отбасын ауылдасы өрттен құтқарып қалды (фото, видео)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Өрт сөндірушілер жедел жеткенімен, жанған үйден түк қалмаған. Қазір ауыл тұрғындары бірлесіп, үйді қайтадан көтеруге көмек көрсетіп жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1857136-aktbede-syrt-jkyda-zatkan-bir-otbasyn-auyldasy-rtten-ktkaryp-kaldy-foto-video/

pixel