Алматыда жарылыс болып, бір кәсіпорын өртеніп кетті (фото)
Опубликовано:
Оңтүстік астананың Әуезов ауданында орналасқан кәсіпорындардың бірінде өрт тұтанып, жарылыс болды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Мұстай Кәрім, 1 б/3 мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабар түскен.
Онда Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы мен құралдары жоғары деңгей бойынша жұмыс атқарғаны белгілі болды.
Алдын ала мәліметке сәйкес, жиһаз құрастыратын цех өртенген. Соның салдарынан жарылыс болды. Қазіргі уақытта тілсіз жаудың себептері анықталып жатыр.


Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1857430-almatyda-zarylys-bolyp-bir-ksiporyn-rtenip-ketti-foto/