"Дегеніне жетті": Өгей әкесі бірнеше рет зорлағанын айтқан ару жұрттан көмек сұрады
Жарияланған күні:
Өгей әкесінің бірнеше рет зорлағанын айтқан ару оқырмандарға мұңын шақты. Басынан өткен қиын тағдырын баяндау арқылы ол көпшіліктен көмек сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Алаш айнасына сілтеме жасап.
"Ешкімге айта алмайтын, құж-құж қайнаған, ішке сыймай жүрген сырымды сыртқа ақтарып бір жеңілдейін деп шештім", - деп әңгімесін бастады ару.
Оның сөзінше, әке-шешесі кішкентай кезінде айырылысып кеткен.
"Олар бірін-бірі сүйіп қосылмаған. Әкем анамды алып қашқан. Мен ес білгенде біз анаммен бірге ауылда нағашы ата-әжемнің қолында тұрдық. Әжем мен анам жиі сөзге келіп қала беретін. Кейін білдім, анамның артынан өсек айтушылар көп болған екен.
Анам ауруханада медбике болып істейтін. Сымбатты, көрікті келіншектен күйеуін қызғанған әйелдер анам жайлы неше түрлі алып-қашпа әңгіме айтатын көрінеді. Сол өсектер үйге жетсе керек, шешем жұмыстан келгенде әжем айғайға басатын.
Бір күні әжем анама "ауылдан кет" деп қатты ұрысты. Анам түнімен жылап шықты. Ертеңіне ол жұмыстан ерте келді. Сөйтсем қызметінен өз еркімен босапты. Содан бас аяғы 4-5 күннің ішінде құжаттарын реттіп, киім-кешегімізді жинап, көшетін болдық.
Әжем мен атам мені тастап кетуді сұраған, бірақ ақылдан гөрі әжеме деген реніші биік тұрды ма, анам мені тастап кетпейтінін айтып, мені жетектеп, біз үйден шығып кете бардық. Әттең, сол кезде анам мені ата-әжеме тастап кеткенде, менің тағдырым былай тас-талқан болмас па еді!?..
Алматыға көшіп келгенде мен 10 жаста болатынмын. Қаланың шет жағында пәтер жалдап тұрдық. Анам мамандығы бойынша жылдам жұмысқа орналасты. Ол қызметіне кеткенде мен көрші үйдегі апнаың қасында қалатынмын.
Арадан екі жыл өткенде анам тұрмысқа шықты. Нариман аға өте жақсы адам еді. Құрылыс компанияларының бірінде жұмыс жасайтын. Сосын біз Нариман ағаның үйіне көшіп өттік. Шешем ағаны қатты жақсы көретін. Ол сұңғақ бойлы, көрікті. Табысты. Кез келген қыздың арманы болатындай-ақ жігіт. Нариман аға да анамды аялап отыратын. Мені де ешқашан бетімнен қаққан емес. Қалаған нәрсемді әперетін. Демалыс күндері саябаққа апарып қыдыртатын. Сондықтан да болар мен оны туған әкемдей жақсы көріп кеттім. Бірақ соның бәрі бір ақ күнде быт-шыт болды....
Ол кезде мен 10 сыныпты бітірген едім. Бір күні анам ауруханада түнгі ауысымда болды. Тамақ жасап, Нариман ағаны күтіп жатып, диванда ұйықтап қалыппын. Нариман ағаның үйге келгенін де естімеппін, қасыма келіп отырғанда бірақ оядым. Бойында қызуы бар екен. Тамақ ысытып берейін деп орнымнан тұрмақшы болып едім, "тамақ ішпеймін жата бер" деді.
- Еркелетіп маңдайымнан сүйді. Ойымда ештеңе жоқ, күндегідей еркелеп, алдына басымды қойып жаттым. Нариман аға шашымнан сыйпап отырды. Бір кезде еңкейіп бетімнен сүйді, сосын ернімнен сүйе бастады. Мұндайды күтпеген едім. Алғашында не істерімді білмей, қозғала алмай қалдым. Жалма жан есімді жиып, құшағынан босап шығуға талпындым. Бірақ оның қарулы қолдары маған мұрша бермеді.
Енді ол ернімнен сүйгенімен қоймай, омырауыма қол салды. Одан әрі қолы етеке қарай төмен сырғыды. Әп сәтте үстімдегі халатты сыпырып, іш киімімді шешіп тастады. Оның қай уақытта шешінгенін білмеймін. Сол күні ол дегеніне жетті.
Сол кезде түнімен жыладым. Ол таңертең келіп, мас болғанын, не істеп, не қойғанын білмейтінін айтып ақталды. Бұндай жағдай қайта қайталанбайтынын айтып, аяғыма жығылып, кешірім сұрады. Анама айтпауымды, отбасымызды бұзбауымды жалынып сұрады. Мен ештеңе демедім. Тек жылаумен болдым.
Расымен де не деу керегін, не істеу керегін ол уақытта білмедім.
Анам жұмыстан келгенде аурып жатырмын деп төсектен тұрмадым. Анам дәрігерге апармақ болып еді, "жай тұмау ғой екі-үш кұнде өтіп кетеді" деп көнбедім. Анамның берген дәрілерін ішкен болып, үш күн жаттым. Қашанғы жата бересің, төртінші күні тұрдым.
Сабақ басталып, мектепке барған соң ол жай ақырындап ұмытыла бастады. Нариман ағаға да қайта бойым үйренді. Іштей "мастықпен жасаған екен ғой деп" ойладым. Бірақ қателескен екенмін...
Желтоқсан айы еді. Нариман аға еңбек демалысына шыққан. Күнімен үйде. Күн жексенбі болатын. Анам жұмыста. Түскі тамақтан кейін кітап оқып жатып үйықтап кетіппін. Түсімде біреу тұншықтырып жатыр екен. Оянып кетсем, түсім емес.
Нариман аға үстіме жатып алған, ернімнен сүйіп жатыр. Тағы да дегеніне жетті. Ол сол күні мас емес еді. Тіпті аузынан арақтың иісі де шыққан жоқ.
- Сөйтсем ол бұл жолы бәрін жоспарлы жасапты. Мен ұйықтап жатқанда видеокамера орнатып қойған.
Ол егер анаңа айтсаң екеуіңді көшеге қуып шығамын, сосын мына видеоны ютубқа саламын деп қорқытты.
Мен тағы үнсіз қалдым. Ол мені видеомен қорқытып, мектеп бітіргенше бірнеше рет төсектес болуға мәжбірледі.
Мектеп бітірген соң басқа қалаға оқуға кеттім. Жазғы демалыста жұмыс істеп жүрмін деген сылтау айтып, үйге келмедім. Анам демалыс алып өзі келіп кетті.
Екінші курста сол қалада тұратын, өзіммен бірге оқитын жігітке тұрмысқа шықтым. Ол жігіт алғаш танысқа күннен бастап "сүйем" деп соңымнан қалмай жүрген. Тұрмысқа шықпас бұрын, қыз емес екенімді айтып, егер кейін бетіме баспайтын болсаң ғана бірге боламыз" деп шарт қойдым. Ол шын сүйетінін айтып, сөз берді. Енді барлық келеңсіздіктер артта қалатын шығар деп ойладым, бірақ олай болмай шықты.
Екінші курсты бітірген соң анама қонаққа келдік. Анамның қуанышында шек болмады. Нариман аға да құшақ жайып қарсы алды. Екі-үш күн Алматыда қыдырдық.
Төртінші күні түскі тамақтан соң күйеуім бір жолдасына барып келемін деп шығып кетті. Сол-ақ екен, Нариман аға баяғы әуеніне басты. Соңғы рет бірге болуды сұрады. Егер көнбесем күйеуіңе видеоны көрсетемін деп қорқытты. Мен еріксіз оның дегеніне көндім. Бір затын ұмытып кеткен күйеуім қайта келіп, үстімізден түсті.
Күйеуім мені кешіре алмады. Біз ажырастық. Әрине оған қояр кінәм жоқ. Анам байғұс не болғанын түсінбей әлек. Ал мен оған не деп айта аламын.
Бірақ менің өмірімдегі келеңсіздік мұнымен бітпейтін түрі бар. Нариман аға бұдан кейін де мені видеомен бопсалап, төсекке тартуын қоймайтын сияқты. Анамның жүрегін ауыртпай, одан қалай құтылсам болады? Өлгім келеді. Бірақ анамды аяймын. Не істеу керек? Ақыл кеңес беріңіздерші", - деп мұңын шақты ару.
Еске сала кетсек, осыған дейін Шымкент қаласында қонаққа барған әйелді танысы зорлап тастағанын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1860511-degenine-zetti-gej-kesi-birnese-ret-zorlaganyn-ajtkan-aru-zrttan-kmek-srady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.