Шығыс Қазақстан облысындағы шахтада екі жұмысшы қаза тапты
Жарияланған күні:
Шығыс Қазақстан облысындағы Орлов шахтасында екі жұмысшы қаза болды. Тағы біреуі ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы KAZ Minerals тобының ресми сайтына сілтеме жасап.
Компания өкілдері атап өткендей, жазатайым оқиға бір күн бұрын «Востокцветмет» өндірістік кешенінде орын алды. Қызметкерлер жарылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан.
Нәтижесінде екі адам қаза тапты, біреуі медициналық мекемеге жеткізілді.
Қайғылы жағдайдың мән-жайын арнайы құрылған комиссия зерттеуде. Компания қаза болған жұмысшылардың отбасыларына көңіл айтып, барлық қажетті көмек көрсетілетінін хабарлады.
Еске сала кетейік, былтыр желтоқсан айында Қарағанды облысындағы шахталардың бірінде жұмысшы мерт болғанын жазғанбыз.
Қарағанды облысындағы Оңтүстік Жезқазған кенішінің №45 шахтасының электр дәнекерлерушісі тау-кен-шахталық көлігінің астында қалып, көз жұмған болатын.
Аталған шахтаның "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-на тиесілі екені белгілі болды.
"Жазатайым оқиға салдарынан 1973 жылы туған электр дәнекерлеушісі ауыр жарақат алып, көз жұмды. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза болған қызметкердің туған-туыстарына көңіл айтады", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1860795-sygys-kazakstan-oblysyndagy-sahtada-eki-zmyssy-kaza-tapty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.