Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қастандық деп күмәнданам": Белгілі журналист ауруханада көз жұмды

Опубликовано:

Қоғам белсендісі әрі танымал журналист Қуанық Шамахайұлы елордадағы ауруханада қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Facebook/Қуандық Шамахайұлы
Фото: Facebook/Қуандық Шамахайұлы: Instagram

Бұл туралы ел ағасының әйелі Айша Тұрмағанбетова Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында "Қуандықты өлтіріпті" деген жазбамен хабарлады.

Ал журналист қайтыс боларынан шамамен алты сағаттай бұрын өзіне "қастандық жасалуы мүмкін" екенін айтып, Facebook-те хабарлама қалдырған.

Ол Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 ауруханада коронавирустан емделіп жатқанын, түн ортасында дәрігерлер құжатқа қол қойдырып, дәрі ішкізгенін жеткізген еді.

Жазбаны оқыған Қуандық Шамахайұлының жақындары мен оқырмандары оның өліміне дәрігерлерді кінәлап, мұндай қадамға медицина қызметкерлері қасақана барды деп отыр.

Отандық телеарнаның жүргізушісі, журналист Ерқанат Көпжасарұлы осыған байланысты өз ойын әлеуметтік желіде білдірген.

"Кеше түнде ғана осындай пост жазған журналист Қуандық Шамахайұлы ауруханада қаза болыпты. Түн жарымда дәрігерлер қандай қағазға қол қойдырды, меджігіттің берген ақ дәрісі не болды екен?! Бұл енді сұмдық болды", - деді ол.

Қоғам белсендісінің қазасын ресми органдар әлі растаған жоқ. 

Айта кетейік, Қуандық Шамахайұлы – Моңғолияда туып-өскен, Ұлан Батырда Моңғолия мемлекеттік университетінде журналистік жоғары білім алған.

Ол журналистика ғылымының теориялық мәселелерін қозғаған 10 кітаптың, ғылыми-танымдық, публицистикалық мақалалардың, 100-ден астам сықақ-әңгімелердің, әдеби-көркем аудармалар мен сыни зерттеулердің авторы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1862561-kastandyk-dep-kmndanam-belgili-zurnalist-auruhanada-kz-zmdy/

pixel