Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірге арақ ішкен": Түркістан облысында ер адам көршісін кірпішпен ұрып өлтірді

Опубликовано:

Түркістан облысы Ордабасы ауданында көршісін кірпішпен ұрып өлтірген күдікті қолға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-сілтеме жасап.

Көрнекі фото: sky.zp.ua
Көрнекі фото: sky.zp.ua: Instagram

Ордабасы аудандық полиция департаментінің кезекші бөліміне “102” телефоны арқылы жергілікті тұрғыннан Шұбар ауылындағы құрылысы толық аяқталмаған үйдің ішінде ер адамның мәйіті жатқандығы туралы хабарлама түскен.

"Тәртіп сақшылары жәбірленушіге келтірілген жарақатқа қарап, оның өліміне басынан алған соққысы себеп болуы мүмкін екенін анықтады. Кейіннен бұл нұсқаны сараптама қорытындысы да растады", - деді полиция.

Ауыр қылмысты ашу мақсатында арнайы топ құрылғаны белгілі болды. 

"Жүргізген іс-шаралардың арқасында полицейлер күдіктінің ізіне түсті. Оны полиция қызметкерлері Арыс қаласында қарауылдық жұмысында жүрген жерінен анықтап ұстады. Күдікті қаза тапқан адамның көршісі болып шықты.​​ Тергеу барысында күдікті танысы әрі көршісімен Шұбарсу ауылындағы толық бітпеген үйде бірге спирттік ішімдік ішкенін, сол сәтте араларында жанжал шығып, сөзге келіспей қалу салдарынан төбелес болғанын айтып, оқиға кезінде ер адам көршісінің басынан кірпішпен ұрғанын мойындады", - деді полиция.

Аталған жағдай қылмыстық кодекстің 99 бабы 1 тармағы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдікті қамауға алынды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматы облысы Жаркент қаласында 46 жастағы ер адам 77 жастағы әжейді өлімші етіп сабаған. Соның салдарынан егде жастағы әйел аурухана қабырғасында көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1863260-birge-arak-isken-trkistan-oblysynda-er-adam-krsisin-kirpispen-ryp-ltirdi/

pixel