Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірі көз жұмып, екіншісі өз-өзіне қол жұмсады: Қызға таласқан екі жігіттің жанжалы қайғылы аяқталды

Жарияланған күні:

Өскеменде қайғылы оқиға орын алды. Екі достың арасында қызға қатысты жанжал туып, соңы ұрысқа ұласқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Біреуі қайтыс болды, екіншісі өз-өзіне қол жұмсады: екі қазақстандықтың қызға қатысты жанжалы қайғылы жағдаймен аяқталды
Көрнекі фото: pexels.com: Depositphotos
"Евразия" бірінші арнасының хабарлауынша, төбелес кезінде жігіттердің бірі құлап, ауыр соққы алған. Ол оқиға орнында қаза тапқан. Полиция тергеуді бастады.

Қайғылы оқиғаның желісі мұнымен аяқталмаған екен. Жігіттердің бірі көз жұмғаннан кейін екі күн өткен соң, төбелестің екінші қатысушысы өз-өзіне қол жұмсады. Жігіт биік ғимараттың балконынан секіріп кеткен.

Екі достың жасы небары 20-да болған.

Куәгерлердің айтуынша, жігіт секіріп кеткен балкон жалпыға ортақ болған, әрдайым ашық тұрыпты. Жергілікті тұрғындар бұл суицидтің алғашқы оқиға емес екенін атап өтті.

Полиция жайттың мән-жайын тексеріп жатыр.

Еске салсақ, Қызылордада ағалы-інілінің жанжалы тәртіп сақшысымен төбелеске жалғасқан болатын.

Видео әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті. Осы жағдайға байланысты өңірдің полиция қызметкерлері түсініктеме берген еді.

Оған қоса, Түркістан облысы Ордабасы ауданында көршісін кірпішпен ұрып өлтірген күдікті қолға түскен еді.

Тергеу барысында күдікті танысы әрі көршісімен бірге спирттік ішімдік ішкенін, сол сәтте араларында жанжал шығып, төбелес болғанын айтып, оқиға кезінде ер адам көршісінің басынан кірпішпен ұрғанын мойындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1866148-biri-kz-zmyp-ekinsisi-z-zine-kol-zmsady-kyzga-talaskan-eki-zigitti-zanzaly-kajgyly-aaktaldy/