jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "Жүрегіне тиген": Оралда 69 жастағы зейнеткер күйеуін пышақпен өлтірді

    : Instagram

    Оралда қарапайым отбасындағы тұрмыстық жанжал қайғылы оқиғамен аяқталды. 69 жастағы әйел күйеуінің жүрегіне пышақ тығып алған, соның салдарынан ер адам көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы uralskweek.kz сайтына сілтеме жасап.

    Көрнекі фото: pixabay.com
    Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

    Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, егде жастағы әйел күйеуін өлтіруге ниет білдірмеген, барлығы өздігінен болған.

    "Зейнеткердің жары үйге келіп, оған тиіскен. Қатты ашуланған әйел пышаққа жармасқан. Суық қару ер адамның жүрегіне тиіп, марқұм оқиға орнында қайтыс болды", – делінген хабарламада.

    Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің 101-бабы 1-бөлімі ("Жан күйзелісі жағдайында жасалған адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

    Осыған ұқсас қайғылы жағдай оралдық басқа отбасында да орын алған.

    25 жастағы ер адам Ақжайық ауданында жалдамалы жұмыс істеп келіп, соның құрметіне әкесін үйіне шақырып, қонақ еткен.

    Көңілді отырыс кезінде ішімдік ішкен әке-мене өзара жанжалдасып қалады. Осы уақытта 25 жастағы жігіт асқар тауынының жүрек түсына пышақ тығып алған. 51 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмған.

    Басылым мәліметінше, осы факті бойынша тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жіберілді.

    Еске сала кетсек, осыған дейін Оралда ер адамның бұрынғы әйелі мен қызын тірідей өртеуге әрекеттенгенін жазған болатынбыз.

    "Жүрегіне тиген": Оралда 69 жастағы зейнеткер күйеуін пышақпен өлтірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.