Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатты жауған нөсер салдарынан Ақтауда көшелер мен үйлерді су басты (фото, видео)

Жарияланған күні:

Потоп в подъезде жилого дома
Фото: Тumba.kz

Кеше түнде қатты жауған нөсер салдарынан Ақтау қаласын су басты. Төтенше жағдайдың шаһарға келтірген зардаптарының суреттері мен видеолары әлеуметтік желілерде бірден тарап кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақтауда 5 тамыздан 6 тамызға қараған түні жауған нөсер салдарынан қала көшелері мен үйлері су астында қалды. Ғаламтор кеңістігінде оқиға орнынан түсірілген бейнематериалдар көптеп жарияланып жатыр.

Анықталғандай, кемінде 12 учаскені су басқан. Олардың бесеуі - автокөлік жолдарының аумағы.

Қатты жауған нөсер көлік жүргізушілерін тығырыққа тіреді. Олар көше бойын су басқандықтан жол шетіндегі жиектастарды көрмей жатқанына шағымданған. Көптеген көлік өз нөмірлерін жоғалтып алған.

Жергілікті әкімдік қазіргі таңда қаладағы жағдай тұрақталғанын мәлімдеді. Төтенше жағдай департаментінің күшімен 13 700 куб метр суды сорғымен тартып шығарды. Нөсерден кейінгі зардаптарды жою жұмыстары әлі де жалғасуда. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнынан тарап кеткен видеолардың астындағы пікірлердің басым көпшілігі әзіл ретінде жазылған. Оқырмандар Ақтауды Венециямен салыстырып, табиғат құбылысының тиімді тұстарын тауып жатты.

Кейбір қала тұрғындары қалалық суағар жүйесінің жұмысын сынға алды.

Тumba.kz басылымының хабарлауынша, су тек көшелер мен жер үйлерді ғана емес, көпқабатты үйлерді де басқан. Жауған нөсер салдарынан олардың үстінен аққан су көптеген тұрғындардың пәтерлеріне зардап келтірген.

Бейнежазбадан адамдардың өздігінен үйлерін судан тазартып жатқанын көруге болады. Басылымның хабарлауынша, мұндай жағдай мемлекеттік қаржыға салынған үйлер мен қала әкімдігі жалға беретін пәтерлерде де орын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1868408-katty-zaugan-nser-saldarynan-aktauda-kseler-men-jlerdi-su-basty-foto-video/