Бес рет қастандық жасалған: Алматы облысында кәсіпкерді өлтіріп кетті
Жарияланған күні:
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында бірнеше рет қастандық жасалған кәсіпкерді пышақтап өлтірді. Бұған дейінгі оқиға кезінде де қаскөйлердің анықталмағандығына наразы жұрт жергілікті билік өкілдерінен әділ шешімнің шығуын талап етуде. Жақындарды қыр соңынан қалмай бірнеше әрекетке барған қылмыскердің біреу екендігін алға тартуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, төрт рет қастандықтан аман қалған Нұрлан Ахметовты бұл жолы үйінің маңайында пышақтап кеткен. Көп қан жоғалтқан кәсіпкер аурухана қабырғасында қайтыс болды.
"Болған оқиғасы сол түн ішінде бір дауыс естіледі. Бала-шағасымен үйінде екен. Жарылыс дауыс дей ме, хлопушка дей ме, әйтеуір бірдеңке естілген ғой. Содан кейін секемалған да бала-шағаларына үйден шықпаңдар деп жүгіріп далаға шығып кеткен, сол кезде пышақтап кеткен", - деді Ащысай ауылының тұрғыны Асылбек Сүлейменов.
Марқұмның ауылдастары Нұрлан Ахметовтың оғаш әрекеттері мен біреуге жекіп сөйлегенін көрмегендерін айтады.
Сондықтан, қолы жомарт жігіттің қыр-соңынан қалмай қайғылы жағдайға жеткізген қаскөйді құзырлы органдар табу тиіс деп отыр.
Олар бұған дейінгі оқиғалардың да барлығы бір адамның әдейі жасағаны екеніне сенімді.
"Бұл енді аңдыған біреу ғой енді. Аңдып жүріп артына түскен адам біреу. Жаңағы төрт рет бекер жасалып тұрған жоқ. Сол төрт реттің біреуінде сәтті аяқтап отыр өз істерін", - деді Асылбек Сүлейменов.
Бұл оқиға төңірегінде облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен, яғни "адам өлтіру" дерегімен тергеудің басталғандығын хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Ахметовтың үйіне, көлігіне бомба қойылып, жарылған болатын. Алайда содан бері ешкім ұсталмаған. Марқұмның артында бес қызы мен жұбайы қалды.
Сонымен қатар, осыған дейін Сарыағашта тұрмыстағы келіншекпен көңіл қосқан жігіттің өлім құшқанын жазғанбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1869943-bes-ret-kastandyk-zasalgan-almaty-oblysynda-ksipkerdi-ltirip-ketti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.