Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлікте келе жатып, Instagram-да тікелей эфир жүргізген румын әншісі көз жұмды

Жарияланған күні:

Теміржол1
Көрнекі фото: piqsels.com

Румыния әншісі Тави Пустиу Плоешти қаласында жол апатынан қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Музыкант көлікпен келе жатып, Instagram-да тікелей эфир жүргізген, қасында әйелі болған. Бір кезде 29 жастағы әнші көлігіне қарай пойыз келе жатқанын байқайды, бірақ теміржол өткелінен өтіп үлгермеген.

Салдарынан Тави Пустиу оқиға орнында көз жұмған. Ал оның 24 жастағы әйелі ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Құтқарушылар ерлі-зайыптыны жапырылып қалған көліктен әрең алып шыққан.

Жергілікті полиция апатқа теміржол өткелінде жол ережесін сақтамау себеп болғанын хабарлады.

Тави Пустиуды жерлеудің орны мен уақыты әлі хабарланған жоқ. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін тікелей эфирде бауырының өлімін естіген жүргізушінің көз жасын ұстап қалғаны туралы жазған едік.

Қаралы хабар бойжеткеннің көңілін түсіргенімен, ол эфирде бекем болуға тырысқан.

Сонымен қатар мысырлық тележүргізуші Лобна Асаль тікелей эфирде маймылдың шабуылына тап болып, студиядан шығып кетуге мәжбүр болғанын хабарлағанбыз.

Сондай-ақ Шотландия парламентінің мүшесі мысығының арқасында әп-сәтте ғаламтор жұлдызына айналғанын жазған болатынбыз. Үй жануары иесінің онлайн отырысына қатысып, жиын мүшелерін ішек-сілесін қатырған.

Роджо атты мысық кадрда тек 15 секунд болса да, бұл видео пандемия тарихындағы ең әсерлі видеолар қатарына еніп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1870377-klikte-kele-zatyp-instagram-da-tikelej-efir-zrgizgen-rumyn-nsisi-kz-zmdy/