Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде анасы мен баласы иіс тиіп көз жұмды

Жарияланған күні:

Иіс тию
Көрнекі фото: Хабар

Өскемен қаласында су жылытатын құрылғының қысқа тұйықталуы салдарынан екі адам жан тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, таңғы сағат 05.00 шамасында «Родничок» бау-бақша қоғамдастығындағы жер үйде өрт шыққан. Су жылытатын құрылғы сымдарының қысқа тұйықталуынан тұтанған жалынның жалпы аумағы 2 шаршы метрге жетті.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткенше үй иесі иіс тию белгілерімен жатқан 1983 жылғы әйелі мен 2018 жылғы ұлын көреді. Отағасы екеуін сыртқа алып шыққан. Өкінішке қарай, жедел жәрдем қызметкерлері екеуінің өмірін сақтап қала алмады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, өрттің шығуына – электр жабдықтарының апаттық жағдайда болуы немесе электр құрылғысын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, күні кеше Алматы облысында жоғалған 21 жастағы қыз өлі күйінде табылғаны белгілі болды.

Құқық қорғау органдарыны мәлім еткендей, жақында туыстары 21 жастағы Алматы облысы тұрғынының жоғалып кеткенін хабарлап, полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары бірден іздеу жұмыстарына кірісті.

Өкінішке қарай, қазақстандықтың денесі бір тәуліктен кейін, 21 тамызда Еңбекші ауданындағы Өрнек ауылының сыртынан табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған.

Полиция "кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1870656-skemende-anasy-men-balasy-iis-tiip-kz-zmdy/