Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы іргесінде өрт шығып, бір жарым гектарға жайылды

Опубликовано:

Өрт Алматы1
Фото: СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ТЖ департаменті

Алматыда Төле би көшесі мен Шығыс айналма жолында өрт шықты. Өрт шамамен бір жарым гектарды қамтыды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 25 тамыз сағат 13:27-де Төле би көшесі мен Шығыс айналма жолында құрғақ шөптер өртенгені туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер Төле би көшесінен төмен Шығыс айналма жолдың батыс жақ беткейінде құрғақ шөптер жанып жатқанын анықтады. Өрт шамамен 1,5 гектар аумақты қамтыды. Қатты соққан жел мен биік өскен шөптерден беткейдің жоғарғы жағында орналасқан жеке тұрғын үйлерге таралу қаупі туындады", – деді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Өртенген аумақ пен тұрғын үйлердің арасы 20 метрді құрады. Жедел шара қабылданып, тілсіз жау тез оқшауланды. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 40 адам мен 9 техника және әкімдіктің бір су тасымалдайтын автокөлігі жұмылдырылды.

Департаменттің хабарлауынша, қазір өрт толықтай сөндірілді. Жекелеген өрт ошақтарына су құю жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Еске салсақ, Каспий теңізінің жағасында ірі өрт шыққан еді. Қызыл жалын 20 шақырым қашықтықтан көрінген болатын. Өрт сөндірушілер батпақты аймақтың кесірінен өртке жақындай алмаған.

Оған қоса, Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында қатты желдің салдарынан станцияда тұрған жүк вагондары өздігінен қозғалып, жүк пойызымен соқтығысты. Салдарынан локомотивтен өрт шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1871048-almaty-irgesinde-rt-sygyp-bir-zarym-gektarga-zajyldy/

pixel