jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Алматыда марғаудың көзі, құлағы мен аузына желім құйып тастаған (фото, 18+)

    мысық
    Фото: Санета Космининаның Facebook парақшасы

    Оңтүстік астана тұрғыны әлеуметтік желіде жазба жариялап, жануарларды қорлау оқиғасын айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Санета Космынина есімді ерікті өзінің Facebook парақшасында суреттегі марғауды қаладағы аулалардың бірінде балалардың қолынан тартып алғанын хабарлады.

    Әйелдің айтуынша, жануармен ойнаған балалар оның аузына, мұрнына, көзі мен құлағына желім құйған. Марғауға шұғыл түрде ветеринарлардың көмегі қажет болыпты.

    Сондай-ақ ол болған жағдайдан соң полицияға шағым тұсіретін ойы бар екенін айтты.

    Ерікті жәбірленген марғауға көмек көрсеткісі келетіндерге өз реквизитін де қалдырған.

    Еске сала кетсек, Павлодарда итті көлігіне байлап серуендеуге шығып, жануарды қорлаған азамат жауапқа тартылған еді.

    Іздеу шараларының нәтижесінде полицейлер 26 жастағы жүргізушіні тапты. 

    "Ер адамның айтуынша, 26 тамызда сағат 23.00-де Павлодарға Өскеменнен итімен жарысқа келген танысын кездестірген. Қалада жүргенде "Алабайды" көлік терезесінен қарғыбауын шығарып серуендетті", – делінген баспасөз хабарламасында.

    Көлік айыптұраққа жеткізілген, ит иесіне тапсырылды. 

    Сонда-ақ, әлеуметтік желіде маусым айының басында итті қорлауға байланысты видео тараған болатын. Онда ер адамның итті тұншықтырғаны көрініс тапқан. Осыдан кейін қылмыстық іс қозғалғанын жазған болатынбыз.

    Ер адам жасаған ісіне өкінетінін айтып, әлеуметтік желіде көпшіліктен кешірім сұрады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.