Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Каспий жағалауында шыққан өрт ғарыштан байқалды (фото, видео)

Опубликовано:

Өрт шықты
Фото: Атырау облысының ТЖД

Атырау маңында Каспий теңізінің жағалауында шыққан өрт ғарыштық бақылау көмегімен тіркелді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел аттанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Аймақтық ТЖД-нің мәліметінше, оқиға орнына барған қызметкерлер өрттің Атырау қаласынан 35 шақырымдай жерде, Каспий теңізінің жағалауындағы батпақты аймақта болғанын анықтады.

Осы аймақта, сондай-ақ "Ақ Жайық" қорығының шекарасында әуе барлау тікұшағы ұшты.

Құтқарушылар Веста ауданында шамамен 500-800 ш.м. аумағында тек үш өрттің барын, ал кейбір жерлерде түтін болғанын анықтады. Өртенген аумақтың жалпы ауданы - 2 гектарды құрады.

Өрт шықты
Фото: Атырау облысының ТЖД

Мамандардың айтуынша, бүгінде өрттің тарап кетуіне еш қауіп жоқ. Сондай-ақ, өрт салдарынан жабайы аңдардың өлмегені белгілі болды.

Төтенше жағдайлар министрлігі енді күн сайын жердегі және әуедегі барлау өрт жағдайын бақылап отыратынын нақтылады. Сонымен қатар Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің Астрахан облысындағы Бас басқармасымен кездесу өтті.

"Каспий теңізінің жағалауындағы өртенген қамысты сөндіру қатаң бақылауға алынды", - деп қорытындылады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Қазақстанда отты абайсыз пайдалану салдарынан өрт шыққан еді.

Сондай-ақ, бұған дейін Сардиния жағалауында сегіз қазақстандық болған яхтадан өрт шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1872355-kaspij-zagalauynda-sykkan-rt-garystan-bajkaldy-foto-video/

pixel