"Порно түсіруі мүмкін": Елордада 4 итті зорлағандар жайлы сұмдық дерек шықты
Жарияланған күні:
Елордада бұрын-соңды болмаған зорлық түрі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Хайуанаттарды уақытша ұстайтын изоляторда төрт иттің жыныстық сипаттағы азап көргені анықталды. Олар қазір еріктілердің қолында ем қабылдауда. Ал жыныстық зорлық көрсетуі мүмкін деген күдіктіні полиция іздеп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Елордадағы жануарларды уақытша ұстау изоляторында мыңға тарта ит пен тағы жүз шақты мысық мемлекет есебінен күн көріп жатыр. Оларды бір күзетшісі мен екі қызметшісі арнайы күтіп-баптап отырады.
Енді 4 итті адам айтқысыз қорлаған кім екенін анықтау ғана қалып тұр. Бұл жерге көшеде жүрген қаңғыбас ит-мысықтарды аулап әкеп қамайды. Ішіп-жемі мемлекет мойнында. Оған қоса, сәт сайын келіп жағдайын жасап жүрген еріктілер бар.
"Менің ойымша, қыртыстары бар цилиндр тәрізді затпен иттерге жыныстық сипаттағы зорлық жасаған. Иттердің жарақаттарына қарағанда, солай көрінеді. Оны порнографиялық сипаттағы видео түсіру үшін жасаған сияқты. Ветеринар дәрігерлер де төрт иттен де бірдей жарақат іздерін байқап отыр",- дейді "СтопОтлов" жануарларды қорғау жеке қорының басшысы Юлия Педченко.
Төрт ит қазір жанашырларының қолында, ем-дом қабылдап жатыр. Жағдайлары да жаман емес. Күнделікті жейтін тамағы мен жататын орнын бұл кісілер мойнына алған. Ал иттерге қорлық көрсеткен кісінің ісімен полиция айналысып жатыр.
"Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті аталмыш оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 316-бабымен жануарларға қатігездік жасау фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Қазір анық-қанығы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр",- деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз хатшысы Эльмира Шәуленова.
Еріктілердің айтуынша, итқораны бақылап, тұрғындарына жағдай жасап жүргендеріне екі жылдың жүзі болыпты. Содан бері мынадай қорлықты бірінші рет көріп отыр. Жануарларға мұндай зорлық көрсету дерегі елорда полициясында да биыл алғаш тіркелді.
Айта кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтанда еріктілер иттердің зорланғанын айтып, дабыл қаққан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1873765-porno-tsirui-mmkin-elordada-4-itti-zorlagandar-zajly-smdyk-derek-sykty/