Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұздағы 13 жасар маникюрші бала өзіне қол салмақ болғаны жайлы ақпаратқа жауап берді

Опубликовано:

Арулат
Фото: instagram.com/arulat_ekibastuz

Екібастұзда тұратын 13 жасар Арулат есімді маникюрші бала өзі туралы желіде тараған жалған ақпаратқа байланысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Instagram-пабликтердің бірінде Арулаттың суреті жүктелген жазба пайда болған. Жазба авторлары жеткіншекті сыныптастары маникюр жасайтыны үшін өзіне қол жұмсауға дейін жеткізе жаздағанын жазған.

Науқас інісінің емі үшін қаражат жинау мақсатында маникюр жасаумен шұғылданатын жеткіншек бұл ақпаратты жоққа шығарды.

13 жасар Арулат бұл жайтқа қатысты бейнехабарламасын өз желі парақшасына жүктеген.

Ол желі парақшаларын ақтарып отырғанда өзі туралы жазбаны кездейсоқ көріп қалғанын айтуда.

"Есеңгіреп отырмын, сыныптастарымның қатысы қанша, өзіме қол жұмсау туралы әңгіме де болған емес. Бұл жалған. Менде сіздер барсыздар - менің жазылушыларым, менің көмекшілерім, перизаттарым. Сендер менің ең үлкен тірегімсіңдер. Бекарыс есімді інім бар, отбасым, жұмысым, қызығушылықтарым, сүйікті ісім бар. Ондай қолдау барда қайдағы өзіне қол жұмсау? Есеңгіреп отырмын, ренжіп қалдым", - дейді ол.

Өз хабарламасында жеткіншек өзіне қолдау көрсетіп отырған жандарға алғысын білдіріп, болашаққа жоспарларымен бөлісті.

Сол арада бұл жайтқа баланың анасы да пікір білдірген,

"Арулат ұйықтауға дайындалып жатқанда мына жазбаны көріп, ұйқысы қашты. Әрине оның көңілі түсті, ол туралы мұндай өтірікті жазғанын көрген. Сол себепті, бейнехабарлама жазып отыр", - дейді ол.

Айта кетсек, Арулат өз ісінде бірталай жетістіктерге жетіп үлгерген. Ол Ресей, Португалия, Бразилия елдерінде өткен халықаралық жарыстарда бірінші орынды иеленген.

Еске салсақ, бұған дейін Екібастұзда 13 жасар бала бауырының еміне ақша жинау үшін маникюр жасап жүргенін жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Қазақстандық әнші Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалында тыңдармандарын тағы бір мәрте тәнті еткенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1874530-ekibastzdagy-13-zasar-manikursi-bala-zine-kol-salmak-bolgany-zajly-akparatka-zauap-berdi/

pixel