Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда Huawei зауыты өртенді (видео)

Опубликовано:

68465
Кадр видеодан алынды: twitter.com/disclosetv

Қытайдың Дунгуань қаласындағы Huawei компаниясының зауытында ірі өрт болды: жаңа технологияларды тестілеуден өткізетін ғимараттың бір бөлігі отқа оранды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Disclose.tv мәліметінше, Дунгуань қаласындағы Huawei зауытының ғылыми-зерттеу зертханасы өртенген. Жақын маңдағы көшелерді қою түтін басып қалған.

Белгілі болғандай, аталған зертханада 4G және 5G антенналары тестілеуден өткізілген.

Жергілікті өрт сөндіру қызметі тілсіз жауды ауыздықтады. Негізінде зауыттағы дауыс сіңіретін мақта өртенгені хабарланды.

Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталуда.

Апаттан қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Еске сала кетейік, 17 қыркүйек күні кешкі уақытта Шымкент қаласында көпқабатты үйдің астындағы "Бақыт бургер" жедел тағам дайындау орталығы өртеніп кеткен болатын.

Өрттің жалпы аумағы 180 шаршы метрді құрады. Қалалық өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 30 адам және сегіз өрт сөндіру техникасы оқиға орнына жедел келіп жетті.

Сондай-ақ бұған дейін Ақтөбеде ер адамның таң алдында үйін өртеп, соның кесірінен үш отбасы далада қалғанын жазған болатынбыз.

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылында таң алдында үш пәтерлі үй өртке оранды. Бір-біріне жапсарласып орналасқан үш үйдің де түгі қалмай жанып кеткен. Абырой болғанда адам шығыны жоқ.

Тұрғындардың айтуынша, үйді өртеген көршілерін полиция алып кеткен. 40-50 түтіні бар ауылда өрт сөндіру қызметі жоқ. Арнайы өрт сөндіру техникасы 25 шaқырымдық орталықтан келеді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1876436-kytajda-huawei-zauyty-rtendi-video/

pixel