Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда жол апатына түскен ер адам өз көлігінде өртеніп кетті

Жарияланған күні:

полиция жол апаты
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Түнде Ақтауда жантүршігерлік жол апаты орын алды. Жүргізуші өз көлігінде өртеніп кеткен. Тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазіргі уақытта ресми нұсқа бойынша, жол-көлік оқиғасынан 22 жастағы "Тойоты Камри" автокөлігінің жүргізушісі қайтыс болғаны белгілі.

Ол көлікті басқара алмай, бағанаға соғылған. Нәтижесінде автокөлік өртенген деп жазды "Астана" телеарнасы.

"Сағат 01:20-да 102 кезекші пультына 21 шағын ауданында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабар келіп түсті. Toyota Camry жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған", – деп хабарлады Маңғыстау облысы ПД баспасөз хатшысы Әйгерім Ибадуллаева.

Телеарнаның ақпарынша, қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Ресми статистикаға сүйенсек, 2020 жылдың басынан бері Қазақстан жолдарында мыңнан астам адам көз жұмған.

Айта кетейік, жақында төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандық автокөлік жүргізушілеріне көктайғақ болатынын ескертіп, жолда мұқият болуға кеңес берген еді.

Сонымен қатар, ведомство өкілдері жаяу жүргіншілерге де мұқият болу керектігін, өйткені тайғақ жол сынықтар мен дене жарақаттарына себеп болуы мүмкін екенін де еске салды.

Сондай-ақ 29 қазанда Екібастұздағы Әуезов көшесінде инкассатор көлігінің алдыңғы жағы жанып кеткенін хабарлағанбыз. Өрт сөндірушілер келгенше тасымалданған ақша салоннан шығарылып, басқа көлікке ауыстырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1882304-aktauda-zol-apatyna-tsken-er-adam-z-kliginde-rtenip-ketti/