jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Бір адам қаза тапты: Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды (видео)

    Алматы облысындағы жол апаты
    Оқиға орны. Фото: instagram.com/krispi_almaty

    Алматы облысындағы тас жолда орын алған ауқымды жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үш жолаушы зардап шекті. Желіде оқиға орнынан фото мен видео тарап кетті.

    Жантүршігерлік жол апатының видеосы Instagram желісіндегі krispi_almaty парақшасында жарияанды. Бейнежазбадан соқтығысып қалған бірнеше көлікті көруге болады. Оған қоса, оқиға орнында жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп жатқаны көрініс тапты.

    Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, Алматы облысының полиция департаменті Алматы - Нұр-Сұлтан тас жолында бірден үш көлік соқтығысқанын мәлімдеген. Олар Opel Sintra, Mazda-626 және Nissan Premiera маркалы темір тұлпарлар.

    Тәртіп сақшыларының мәліметінше, Opel көлігі жолдың қарама-қарсы жағына шығып кетіп, екі автомен соқтығысып қалған. Mazda көлігінде отырған 30 жастағы жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Жүргізуші мен тағы екі жолаушыны ауруханаға жеткізді.

    Жантүршігерлік оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталып кетті. Полиция бір адамның өмірін шалған ауқымды жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтау қаласында да жантүршігерлік жол апаты орын алды. Жол-көлік оқиғасына түскен ер адам өз көлігінде өртеніп кетті. 22 жастағы "Тойота Камри" жүргізушісі көлікті дұрыс басқара алмай, оның салдарынан бағанаға соғылған. Полиция жол апатының анық-қанығын анықтап жатыр.

    Бір адам қаза тапты: Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.