Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байқоңырда әкесі кішкентай қызын зорлаған

Опубликовано:

Қыз бала
Көрнекі фото: piqsels.com

Байқоңыр қаласының прокуратурасы сотта қаралған жас қыздың әкесіне қатысты адам зорлау ісі туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қадағалау органының мәліметінше, өткен жылдың жазында Байқоңыр қаласында ер адам өзінің кішкентай қызын зорлаған.

Қылмыс қоғамда қызу пікірталас тудырды. Тергеу әрекеттерін Ресей мен Қазақстанның құқық қорғау органдары жүргізіп, дәлелдер жинау жедел түрде аяқталды. Іс сотқа жіберілді.

Айыпталушы қылмыс орнында қамауға алынғанына қарамастан, сот процесі кезінде жәбірленушінің анасы өзінің алғашқы айғақтарын толығымен өзгертті және бұрынғы отағасын жауапкершіліктен аластатуға тырысты.

Қылмыс болғанға дейін ерлі-зайыптылар ажырасып кеткен екен.

Көптеген сот отырысы, дәлелдер беру, куәгерлерді шақыру және тараптардың өтініштерін шешу бір жылға созылды.

Прокурорлардың бірінші кезектегі міндеті айыпталушының кінәсін психикасына зиян келтірмеу үшін баланың өзін сот процесіне барынша аз қатыстыра отырып дәлелдеу болды.

Қызылорда облысының мамандандырылған сотының судьясы кешенді сот талқылауы барысында барлық дәлелдемелерді мұқият және объективті зерттеді, тараптардың дәлелдерін тыңдады, соның негізінде кінәлі үкім шығарылды.

Педофил қатаң режимдегі мекемеде 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар әрдайым прокурорлардың бақылауында болатындығы және олар істерді сапалы тергеуді қамтамасыз ету және сотта мемлекеттік айыптауды қолдау үшін барлық шараларды қолданатыны атап өтілді.

Еске салсақ, Ақтөбе облысы полиция департаментінің басшысы тұрмыстағы әйел адамды көшеде шешіндіріп тастап, зорламақ болған қылмыскерді оқиға орнында ұстаған әскери қызметкер мен оқиға куәгерінің әрекетін көпке үлгі қылуға шақырды.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында мүгедек қызды зорлады деген күдікке ілінген азаматтың өлімі бойынша тергеу жұмыстары басталды. Полицейлер мәліметінше, марқұм тұрғын үйлердің бірінің балконынан секіріп кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1883977-bajkoyrda-kesi-kiskentaj-kyzyn-zorlagan/

pixel