Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда қаза болған әлем чемпионының әкесі тергеудің баяу жүріп жатқанына шағымданды

Опубликовано:

Полиция іс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Атырауда грэпплинг күресінен әлем чемпионы Есенбек Сиғуатовтың өліміне қатысты тергеу баяу жүріп жатыр. Марқұмның әкесі осылай деп отыр. Оның пайымынша бұған - күдіктілердің полицияда қызмет атқарғаны себеп болуы мүмкін деп хабарлайды Астана арнасы.

Қылмыс осыдан 3 ай бұрын болған.

Кеудесі арманға толы 18 жастағы спортшы Есенбек Сиғуатов - грэпплингтен әлем чемпионы. Одан бөлек қоян-қолтық ұрыс және джиу-джитсумен айналысқан. Ұлттық құрамаға кіруге дайындалып жүрген ұлынан бір түнде айырылған ата-анасы әлі ес жия алар емес. Баласының бөлмесін айналшықтап, көз жасын тия алмай жүр.  

Әкесінің айтуынша, тергеу жұмыстары өте баяу және орнымен жүріп жатқан жоқ.

"Себебі қылмысты ұйымдастырған азаматтар бірінші бастап қамалу керек. Олар белгісіз себептермен қамалмай жатыр әлі күнге дейін. Қылмысты ұйымдастырған қылмыскерлер жазасын тарту керек. Түрмеде отыру керек деп есептеймін", - дейді марқұмның әкесі Тоқсанбай Оразғали.

Сол қаралы түн әкесінің әлі есінде. Туған күнге кеткен ұлының денесін таңғы сағат 4-тер шамасында достары әкелген. Олардың айтуынша, ауылдастарын соққыға жыққандарға, себебін білуге барған. Сол кезде қарсыластары сөзге келместен оларға оқ жаудырыпты. Күдікті ретінде полиция қызметкері қамалған.

"Күдікті біреуі қаруды жасырған. Екіншісі мылтықты атқан. Екеуі де су полициясында жұмыс істегендер. Қару жасырған действующий сотрудник болып кетіп бара жатыр. "Атты" деген күдікті 2-3 күн бұрын шығып кетті деп бывший болып бара жатыр", - дейді Тоқсанбай Оразғали.

Ал полиция департаменті болса, Қылмыстық Кодекстің 99-бабы, яғни "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеудің жүріп жатқанын айтты.

"Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жалғасып жатыр. Тағайындалған күрделі сараптамалар қорытындысы күтілуде. Іс бойынша тиісті сараптама қорытындысына сай шешім қабылданады", - дейді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

Әлем чемпионының әкесі әділдік іздеуді тоқтатпайтынын, бұл істі соңына дейін жеткізетінін айтты.

Б. Надирқызы

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін марқұм азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің 17 жастағы ұлы жаппай төбелес кезінде қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1884236-atyrauda-kaza-bolgan-lem-cempionyny-kesi-tergeudi-baau-zrip-zatkanyna-sagymdandy/

pixel