Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арқа тұсынан сұққан": Ақмола облысында әйел өзінің қызын пышақтап тастады

Опубликовано:

Пышақ
Көрнекі фото: 1obl.ru

Ақмола облысында әйел өзінің қызына пышақ жарақатын салған деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 қарашада 35 жастағы масаң күйдегі әйел пышақ жарақатымен ауруханаға түскен.

"Жедел тергеу амалдары кезінде анықталғандай, задап шегуші өз үйінде анасымен қосылып арақ ішкен. Артынша, екеуара жанжал шыққан. Осы кезде анасы ас бөлмедегі пышақты алып, қызының арқа тұсынан сұғып алған", - дейді ведомстводан.

Белгілі болғандай, 58 жастағы күдікті әйел 1997 жылы ҚР ҚК 195-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылған. «Күдікті қылмысын толық мойындады. Тергеу амалдары одан әрі жалғасуда», - деп толықтырды полиция.

Айта кетейік, Шымкентте 15 жастағы оқушы қыз өз әкесінен көтерген нәрестені дүниеге әкелді. Босанған 15 жастағы жасөспірімнің нәрестесін қыздың анасы өз қамқорлығына алған.

Бұл жайт туралы ақпарат тұрғындар арасында таралып кеткеннен кейін, ер адам өзіне қол жұмсаған. Іс сотқа дейін жетіп үлгермеген.

Қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, нәрестені жасөспірімнің анасы өз қамқорлығына алған.

"9-сынып оқушысы биыл мамыр айында баланы дүниеге әкелді. Зорлық-зомбылық болды ма, жоқ па, айта алмаймыз. Полиция анықтап жатыр. Нәрестені қазір мектеп оқушысының анасы тәрбиелеп отыр", - деді Шымкент қалалық білім бөлімінің бас маманы Ұлжалғас Сәуірбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1884700-arka-tsynan-skkan-akmola-oblysynda-jel-zini-kyzyn-pysaktap-tastady/

pixel