Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кімнің пәтері өртенсе, сол ашсын": Павлодарда құтқарушыларды көпқабатты үйге кіргізбей қойды (видео)

Жарияланған күні:

Домофон
Видеодан кадр: Павлодар облысы ТЖД

Павлодардағы Құдайбердіұлы көшесіндегі көпқабатты үйден өрт сөндірушілерге пәтерлердің бірінен өрт шыққаны туралы ақпарат түскен. Құтқарушылар шақырту орнына жетіп, домофонды басқан кезде көршілері есікті ашудан бас тартқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Павлодар облысы ТЖД сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде павлодарлық полицей Қайрат Бексейітов түсірген видео кеңінен таралуда. Ер адам бірнеше жылдан бері Instagram желісінде видеоблог жүргізеді. Елдің талқысына түскен видеоны да Бексейітов түсірген.

Кадрларда өрт сөндірушілердің шақырту орнына келгені көрінеді. Бексейітов домофонды басып, өзін таныстырып, есікті ашуды өтінген. Алайда тұрғын өрт сөндірушіні кіргізуден бас тартып, "Кімнің пәтері өртенсе, сол ашсын" деп жауап берген.

Өңірдегі ТЖД хабарлауынша, құтқарушылар ақыры подъезге кіріпті. Оларға пәтердің өртеніп жатқаны туралы ақпаратты бөтен қыз берген болып шыққан.

Оқиға орнында ешқандай өрттің болмағаны, үйде жігіт пен екі қыздың бар екені, "101" нөміріне олардың ешбірі хабарласпағаны анықталған.

Құтқарушылар жалған шақырту дерегі бойынша шара қолдану үшін полицияға материалдар берген.

Шақырту орнына 19 қызметкері бар 7 өрт сөндіру тобы барғаны атап өтілді.

Еске сала кетсек, Павлодарда балаларының туған күнінде ұрысып қалған ерлі-зайыптыларға 10 патрульді полиция көлігі келгенін жазған едік. Анықталғандай, айқай-шуды естіген көршілер полицияны кезек-кезек шақыра беріпті.

Сондай-ақ Павлодарда жаппай сатылым жайлы естіген павлодарлықтар киім дүкеніне лап қойған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1888350-kimni-pteri-rtense-sol-assyn-pavlodarda-ktkarusylardy-kpkabatty-jge-kirgizbej-kojdy-video/