Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаппай сатылым жайлы естіген павлодарлықтар киім дүкеніне лап қойған (видео)

Опубликовано:

Дүкен алдындағы кезек
Видеодағы кадр: instagram.com/tipavlo.dar

Павлодарда жаппай сатылым жайлы хабарды естіп, дүкен алдына жиналған тұрғындар видеоға түсіп қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі дүкеннің алдында ұзын-сонар кезек пайда болды.

Белгілі болғандай, бір күн бұрын киім-кешек дүкені өзінің Instagram парақшасында алдағы жаппай сатылым туралы хабарлаған.

Олар тауарлардың бағасы 500 және 1000 теңге болатынын мәлімдеген. Оған қоса, балалар мен ересектерге арналған киімдерге таңдау көп екені айтылған.

Науқан павлодарлықтардың көбісінің көңілінен шығып, асыққан жұрт дүкенге ағылған. Мұнда таңертең ондаған қала тұрғыны жиналған. Ал мұндай дүрбелеңді күтпеген сауда нысаны ақыры жабылуға шешім қабылдаған. Сонымен бірге жеңілдіктер де жойылған.

Ал видеодан карантин талаптарының бұзылғанын көрген санитар дәрігерлер оқиға орнына бақылау тобын жіберген.

"Мен видеоны алған соң, дереу полицияға хабар бердім. Ол жерге мән-жайды анықтау үшін учаскелік полицейлер жіберілді. Осындай дүрбелең тудырған дүкенді жауапқа тарту үшін видео және хаттамалар тіркеуге алынды. Әрине, барлығын анықтаймыз, мәселе бақылауымызда", – дейді Павлодар қаласының бас санитар дәрігері Александр Сафяников.

Еске салсақ, бұған дейін желіде Алматыдағы медициналық мекеменің алдына жиналған бір топ мұғалімнің видеосы тараған еді. Видеоның сипаттамасында мұғалімдер қайта аттестациядан өту үшін ПТР тест тапсыру қажет екені айтылған.

Сонымен қатар Ақтауда рэп орындаушысының концертін тамашалауға келген 70-тен астам адам полицейлердің назарын аударып, концерт тоқтатылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1888241-pavlodarda-kiimni-zappaj-satylymyna-kezekke-trgan-djim-zrt-videoga-tsip-kaldy/

pixel