Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда салынып жатқан ғимарат өртеніп кетті (фото)

Опубликовано:

Өрт
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Оңтүстік астанада бүгін, 9 желтоқсан күні салынып жатқан ғимарат өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлі құрылысы бітпеген ғимараттан шыққан қара түтіннің видеосын өз Facebook парақшасында Александр Аксютиц жариялады. Өңірдің Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіндt жалын сағат 10:27- де ауыздықталғанын мәлімдеді.

"9 желтоқсан күні сағат 10:10- да өрт сөндірушілер Алмалы ауданында Шевченко көшесінің Шағабутдинов көшесімен қиылысқан тұсындағы өртке байланысты қоңырауға шықты. Оқиға орнына келген соң салынып жатқан көпқабатты ғимараттың екінші қабатында 10 шаршы метр аумақта құрылыс материалдары өртенгені анықталды. Қабылданған шаралардың көмегімен өрт 10:22-де оқшауланып, 10:27- де ауыздықталды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ", - деді ТЖ жөніндегі департамент.

Айта кетейік, ай басында Қарағанды облысында екі үйде өрт шығып, үш адам қаза тапты. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Өрт туралы хабар 4 желтоқсан күні сағат 12.28-де келіп түскен. Абай қаласында бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шығып, үй ішіндегі заттар мен ағаштан жасалған терезе жақтаулары жанған. Тілсіз жау бес шаршы метр аумақты шарпығаны белгілі болды. Өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы екі адамды эвакуациялады. 1953 жылғы ер адам улы газдан уланып, ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнында 1962 жылғы пәтер иесінің денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, өртке қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1888556-almatyda-salynyp-zatkan-gimarat-rtenip-ketti-foto/

pixel