Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте күзет агенттігінің қызметкері оқ жарақатымен ауруханаға түсті

Опубликовано:

Қару-жарақ1
Көрнекі фото: piqsels.com

Шымкентте күзет агенттігінің 31 жастағы қызметкері оқ жарақатымен ауруханаға түсті. Алдын ала болжамдарға қарағанда күзетші өзінің травматикалық тапаншасынан жарақат алған болуы мүмкін деп хабарлайды Астана арнасы.

Келтірілген мәліметтерге қарағанда оқиға түнгі үш шамасында болған. Көлік ішінде отырған қызметкер басынан жарақат алған.

Телеарнаның мәліметінше, қасында бірге отырған серігі мән-жайды түсіндіріп бере алмапты. Оның айтуынша, көзі ілініп кеткендіктен ештеңені байқамаған.

Ал жарақат алған жігіттің басына шұғыл ота жасалған. Дәрігерлердің айтуынша, күзетшінің жағдайы ауыр.

"Отадан кейінгі жағдайы тұрақты ауыр. Реанимация бөлімінде. Жарақат алған жері маңдай шеке оң жағынан. 1 оқ алынды", - дейді Шымкент қалалық № 1 клиникалық аурухананың дәрігер-нейрохирургі Бабур Юсупов.

Күзет қызметкері өзіне қол салмақ болды ма әлде тапанша абайсызда атылып кетті ме? Ол жағын енді құзырлы орган анықтайды.

Қазір "Өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу" бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ал күзет агенттігінің басшысы, бұл жайтқа бөгде адамның қатысы болмағанына сенімді.

"Материалдық көмектесеміз. Мән-жайды анықтаймыз. Болмаса адаптация мекемелерге емдетуге қолұшын береміз. Біз оған дайынбыз. Ал біздің тараптан ешқандай қысым болмаған. Еңбек ақысын айма ай алып отырған, бізде өте үлгілі қызметкер", - дейді Күзет агенттігінің директоры Алмас Батырбеков.

А. Төребекқызы

Еске сала кетейік, бұған дейін Талдықорғанда 21 жастағы жігіт басынан оқ жарақатын алғанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар Павлодарда полицейлер оқ жарақатын алған ер адамды Audi A6 автокөлігінің салонынан тауып алғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1888885-symkentte-kzet-agenttigini-kyzmetkeri-ok-zarakatymen-auruhana-tsti/

pixel