Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 15 жастағы жасөспірім иісті газдан уланып көз жұмды

Жарияланған күні:

Алауошақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Түркістан облысы, Тұрар Рысқұлов ауылында қайғылы оқиға болды. 15 жастағы жасөспірім иісті газдан уланып, көз жұмған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"20 желтоқсанда 11 сағат 12 минутта апаттық-диспетчерлік қызметіне Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлова ауылы мекенжайында 2005 жылы туған жасөспірім шамамен иісті газдан (СО) уланған деген хабарлама түсті.

Шақыру орнына жеткен жедел-құтқару жасағы тексеру кезінде бөлмеге алауошақ қойылғанын, түтін мұржасы сыртқа шығарылмағанын анықтады", - делінген ТЖМ хабарламасында..

Аталмыш факті бойынша, акт толтырылып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салсақ, Қарағанды облысы, Абай қаласында бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шығып, үй ішіндегі заттар мен ағаштан жасалған терезе жақтаулары жанған еді.

Өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы екі адамды эвакуациялады. 1953 жылғы ер адам улы газдан уланып, ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнында 1962 жылғы пәтер иесінің денесі табылды.

Сонымен қатар Оралда тұрғын үй өртенген еді. Құтқарушылар келгенше зейнеттегі өрт сөндіруші жанып жатқан ғимараттан 43 жастағы ер адам мен 4 жасар қызды шығарып үлгерген. Олар екеуі де улы газбен уланып, ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнынан екі адамның денесі табылған. Көз жұмғандар– 67 жастағы үй иесі мен оның 8 жасар немересі.

Болжам бойынша өрттің шығуына жылыту пешін орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы себеп болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1890010-trkistan-oblysynda-15-zastagy-zasspirim-iisti-gazdan-ulanyp-kz-zmdy/