Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда көпқабатты үйде жарылыс болып, 8 адам ауруханаға түсті

Опубликовано:

Жарылыс
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

20 желтоқсан күні кешке Көкшетаудағы көпқабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылды. Салдарынан сегіз тұрғын, солардың ішінде балалар да жарақат алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап.

Жарылыс көпқабатты үйдің бірінші қабатында болғаны айтылды. Салдарынан өрт шықпаған.

Өрт сөндірушілер келгенше көршілері алты бала мен екі ересек адамды құтқарып үлгерген. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілген.

Алдын ала болжам бойынша, екі отбасы тұратын пәтерге үй иесі сырттан газ баллонын кіргізіп, салдарынан баллон жарылған. Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратынша, үй орталық газ құбырына қосылған. Сондықтан ер адамға баллонның не себепті керек болғаны анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар департаменті газ баллондарын пайдалану ережелерін еске алды. Газ баллондарын тек осыған арналған арнайы бекеттерде толтыруға болады. Сондай-ақ баллондарды суықтан жылы жерге апаруға, оларды жылу көзінің жанына қоюға болмайды. Өйткені газдың күрт ұлғаюынан жарылыс болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтандағы кафеде газ баллоны жарылып, екі адам қайтыс болған еді.

Кейін төтенше жағдайлар министрлігі оқиғаның мән-жайын айтты.

Сондай-ақ Талдықорғанда газ баллоны жарылып, 8 адам тұратын үйдің күл талқаны шыққан болатын. Оқыс оқиға қала маңындағы Еркін ауылында болған.

Алматы облыстық ТЖД мәліметінше, бұл жайтқа пеш жабдықтарының жанында қалған тұрмыстық газ баллонына ұқыпсыз қарау себеп болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1890076-kksetauda-kpkabatty-jde-zarylys-bolyp-8-adam-auruhanaga-zetkizildi/

pixel