Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төсекте шылым шеккен қостанайлық зейнеткер өз үйінде өртеніп кетті

Опубликовано:

Фото
Фото: Қостанай облыстық ТЖД

Қостанай облысында зейнеткер өз үйіндегі өрт кезінде көз жүмған. Қызыл жалынның алдын-ала себебі - төсекте жатып, темекі шегу деп хабарлайды zakon.kz.

Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 26 желтоқсанда таңертең сағат 09: 14-те облыс орталығынан 8 шақырым жерде орналасқан Островной ауылының қоңырау келіп түскен.

Рабочая көшесіндегі жапсарласа орналасқан жеке үйдің бір бөлігінің шатыры жанғаны белгілі болды.

Ведомсво өкілдері қызыл жалынды ауыздықтауға екі автоцистерн мен №29 Сарыкөл өрт сөндіру бекетінің жеке құрамынан 9 адам жұмылдырылғанын хабардар етті.

Сонымен қатар, Урицкое орман шаруашылығы басқармасының еріктілері де қол ұшын берген.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде жел үйдің төбесіндегі жалынды үдете түскен. Әрі от тек төбені ғана емес, сонымен қатар, үйдің қамыстан тұрғызылған қабырғаларына да тарап кеткен.

Нәтижесінде, жалын шамамен 100 шаршы метр аумаққа тараған. Сағат 11:01-де сөндірілгеннен кейін өртенген үйдің іші тексерілді. Көп ұзамай қираған бөлмелердің бірінде ер адамның күйік шалған денесі табылды. Ол 64 жастағы зейнеткер болып шықты. Үйдің екінші жартысы бос болып, құлыптаулы тұрғаны анықталды.

Өрттің алдын-ала себебі – төсекте шылым шегу.

Фото
Фото: Қостанай облыстық ТЖД

"Кейбір адамдар қарапайым өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамайды. Әркім қоқыс жәшігіне лақтырылған темекінің немесе төсекте жатып, темекі шегудің қандай қауіп тудыратынын біледі", - делінген хабарламада.

Фото
Фото: Қостанай облыстық ТЖД

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1891266-tsekte-sylym-sekken-kostanajlyk-zejnetker-z-jinde-rtenip-ketti/

pixel