Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы ұшақ жолаушыларының жанжалы: Fly Arystan оқиғаға пікір білдірді

Жарияланған күні:

Ұшақтағы жанжал
Фото: Видеодан кадр

Fly Arystan әуекомпаниясы Алматыда ұшақ жолаушыларының әуе кемесін "басып алуы" мен орын алған үлкен жанжалға қатысты ресми түрде пікір білдірді.

Анықталғандай, қолайсыз метеожағдай салдарынан (ұшақ қонатын қала әуежайының маңында тұман болған) 2 қаңтар күні Алматы-Шымкент бағытындағы КС7103 рейсінің қауіпсіз қонуын қамтамасыз ету мүмкін емес болды. Сол себепті, ол сағат 14:25-ке дейін кешіктірілді. Бұл туралы Fly Arystan баспасөз қызметі zakon.kz порталына хабарлаған.

Әуекомпания ұшақты ауыстырғанымен, одан да ақау шыққанын мәлімдеді. Соған байланысты, ол да жоспарланған бағытта ұша алмады.

Белгілі болғандай, жолаушыларға 17:45-те ұшатын басқа бортқа отыру ұсынылды. Алайда, оған барлығы келісе қойған жоқ. Арада бір сағат қырық минут өткен соң, көбісі өзге әуе кемесімен ұшуға келісті. Ал кейбір адамдар жоспарланған уақыттағы ұшақпен ұшуды қамтамасыз етуін және бортта тегін тамақтандыруды талап етуді жалғастырды.

"Бортында 127 жолаушысы бар (13 жолаушы билетті қайтару мен қайта брондауды рәсімдеді) КС7103 рейсі Алматыдан сағат 17.58 шығып, Шымкент әуежайына 19.00-де қонды. Ұшар алдында барлық жолаушыларға тамақ пен сусындар ұсынылды" , - деп мәлімдеді әуекомпанияның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, кеше Алматы әуежайында тоқтатылған рейстің жолаушылары ұшақтан шығудан бас тартқан болатын. Олар Алматыдан Шымкентке ұшатын рейсті 15 сағат күтіп, жайсых жаңалықтардан соң жанжал шығарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1892099-almatydagy-sak-zolausylaryny-zanzaly-fly-arystan-okigaga-pikir-bildirdi/