RU

Алматыда тоқтатылған рейстің жолаушылары жанжал шығарды (видео)

Ұшақ борты
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы әуежайында тоқтатылған рейстің жолаушылары ұшақтан шығудан бас тартты. Олар Алматыдан Шымкентке ұшатын рейсті 15 сағат күткен, алайда әлі де ұша алмай отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"FlyArystan рейсі Алматыдан Шымкентке сағат 05:45-те әуеге көтерілуі керек еді. Алайда тұманға байланысты рейс 08.10-ға ауыстырылды. Бірақ ол кезде де ұшақ ұшпады. Ұшу уақыты сағат 13.50-ге шегерілді, бірақ біз тағы да ұшпадық. Алайда, Алматыдан Шымкентке сағат 12:40-та ұшатын FlyArystan рейсі ұшып кеткен еді, ал біз әлі де ұша алмай отырмыз.

Наразылық тудырған бізді кейін "Эйр Астана" ұшағына отырғызды, екі сағаттан кейін "Эйр Астана" Алматыдан Шымкентке ұша алмайтынын мәлімдеді.

Мұнда жүкті әйелдер мен кішкентай балалар бар. Біз осында 15 сағат күтіп, бәріміздің қарнымыз ашты. Біз ішерге тамақ сұрасақ, олар тек су береді", – деді тоқтатылған рейстегі жолаушылардың бірі.

Түсініктеме алу үшін біз FlyArystan компаниясына хабарластық.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер қолданылған!

Еске салсақ, 31 желтоқсанда әлеуметік желіде әуежайда жанжал шығарған жолаушылардыңң видеосы пайда болған еді

Олар Нұр-Сұлтаннан Шымкентке ұша алмай қалған. Кейбір деректерге сүйенсек, елорда әуежайында 250 адам ұша алмай отыр. Ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер кейінге шегерілген.

Оған қоса, Air Astana 31 желтоқсанға жоспарланған Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Шымкентке бағыт алған рейстердің тоқтатылғанын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892071-almatyda-toktatylgan-rejsti-zolausylary-zanzal-sygardy-video/