jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақтөбедегі шахтада қаза болған кеншілердің отбасына 20 млн теңге мен пәтер берілетін болды

    кен орны1
    Көрнекі фото: pixabay.com

    "Ақтөбе мыс компаниясының" басшылығы "Весенняя Аралчинская" шахтасында жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қаза болған төрт кеншінің отбасына өтемақы төлейтін болды, сонымен қатар әр отбасына пәтер берілмек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Ақтөбе мыс компаниясы қаза болған жұмысшылардың отбасына 20 миллион теңге бөлді. Бұл бір жолғы көмек. Сонымен бірге бәрінің баспана мәселесі шешіледі. Яғни, әр отбасына бір пәтер беріледі. Олар пәтерді аудан орталығынан немесе Ақтөбе қаласынан ала алады. Балалары 18 жасқа жеткенше әкелерінің еңбекақысын алып отырады. Ал аман қалған жұмысшыға денсаулығын қалпына келтіру үшін 5 миллион теңге бір жолғы көмек беріледі", - дейді Ақтөбе еңбек инспекциясы басқармасының еңбек инспекторы Артур Әуезов.

    Төрт бірдей кенші мерт болған шахтада қазір жұмыс тоқтап тұр. Арнайы құрылған комиссия оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Жұмыс тобының құрамына кеншілердің талабы бойынша араларынан бір өкілді қосқан.

    Еңбек инспекциясындағылар сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күтіп отырғанын мәлімдеді. Сондықтан, әзірге бұған дейін айтылған "кеншілер жарылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде газдан улануы мүмкін" деген болжам сол күйі қалып отыр.

    Естеріңізге салсақ, қайғылы жағдай 2020 жылдың 30 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де тіркелді.

    Хромтау ауданы Көктау кентінен 30 шақырым жерде орналасқан "Ақтөбе мыс компаниясының" ЖШС-не қарасты "Весенняя Аралчинская" шахтасында жарылыс жұмыстарын жүргізген төрт кенші қайтыс болып, бірі аман қалды.

    Еңбек инспекциясындағылар кенші қорғаныш құралдарын қолданғанның арқасында аман қалғанын айтты.

    Кейін марқұмның туыстары істің жіті тексерілуін талап етіп, президенттен көмек сұрады.

    Ақтөбедегі шахтада қаза болған кеншілердің отбасына 20 млн теңге мен пәтер берілетін болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.