Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда 20 бөлмелі жатақхана өртенді (фото)

Опубликовано:

Өрт
Оқиға орны. Фото: Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД

Елордада жатақхана ретінде жабдықталған 20 бөлмелі жеке үй өртенді. Өрт салдарынан үйдің төбесі опырылып түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, 6 қаңтарда сағат 20:57-де Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелеріне үй жанып жатқаны туралы шақыру келіп түскен.

Өрт сөндірушілер келген бойда жатақхана ретінде жабдықталған бір қабатты мансардалы 20 бөлмелі жеке үй жанып жатқаны анықталды. Өрт салдарынан төбе бөлігі опырылып түскен.

Құтқарушылардың арқасында қызыл жалын сағат 21:24-те ауыздықталып, 15 минуттан кейін толық сөндірілген.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін тұрғындар өз бетімен эвакуацияланған және қазіргі уақытта олар туысқандарының үйлеріне орналастырылды.

Оқыс оқиғадан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрттің аумағы 80 шаршы метрді құрайды.

Ведомствоның ақпаратынша, оқиға орнында жеке құрамның 22 адамы және 4 бірлік техникасы жұмыс істеген.

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін жауапкершілікпен сақтауға, сақ болуға және өртті сөндіруден гөрі алдын алу әлдеқайда оңай екенін есте сақтауға шақырады.

Өрт
Оқиға орны. Фото: Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД

Еске сала кетсек, 2020 жылы 31 желтоқсанда Петропавлда бес қабатты үйдің астында орналасқан "Караван" дүкені өртеніп, 125 адам қауіпсіз жерге шығарылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1892591-nr-sltanda-20-blmeli-zatakhana-rtendi-foto/

pixel