Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жолбарыс тап берген": Тайгадан ер адамның денесі табылды

Жарияланған күні:

Жолбарыс
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ресейдің Хабаровск өлкесіндегі тайгадан ер адамның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол жолбарыстың құрбанына айналған деп хабарлайды ТАСС.

Ер адамның денесі Хабаровск өлкесіндегі Буту өзенінің жоғарғы ағысындағы тайгадан табылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, оның өліміне жолбарыстың шабуылы себеп болған деп мәлімдеді Ванинский ауданының әкімшілігі.

"Бұл жайт Ванино ауылынан Хабаровск қаласына қарай 160 шақырым қашықтықта Буту өзенінің жоғарғы ағысындағы тайгада болды. Болжам бойынша ер адамның өлімі жолбарыстың шабуылынан болған", - дейді әкімшіліктің өкілі.

Өз кезегінде Хабаровск өлкесінің табиғи ресурстар министрлігі тайгада бірнеше адамның демалып жатқанын және олардың бірі жоғалып кеткеннен кейін іздеу тобы ер адамның денесін тапқанын хабарлады.

Қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтау үшін бір топ маман оқиға орнына аттанған.

Айта кетсек, әлемдегі ең алып жолбарыстардың бірі - Амур жолбарысы Ресейдің Қиыр Шығысында мекендейді. Ол халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген.

Еске салсақ, бұған дейін Үндістанда жеті адамды жеп қойған қолтырауын қолға түскенін жазған едік. Қолтырауын жеті жыл бойы Махадевапура ауылы маңындағы Дев өзенін мекен еткен.

Көбінесе ол өзеннің жағасында кір жуған әйелдерге шабуылдап келген. Соңғы рет жыртқыш 54 жастағы ауыл тұрғынын суға тартып әкетіп, мерт қылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1893054-zolbarys-tap-bergen-tajgadan-er-adamny-denesi-tabyldy/