Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда жанармай құю бекетіндегі тонау әрекеті видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: polisia.kz

Петропавлда ер адам қоқыс жәшігімен терезені сындырып, жанармай құю бекетіне кіріп, кассадағы ақшаны қолды қылған. Ізін суытпай күдікті қолға түсті деп хабарлайды Polisia.kz.

Күзетшілерге түнгі сағат 01.30 шамасында белгісіз біреу Әуезов көшесіндегі жанармай құю бекеттерінің бірінің терезесін сындырып, кассадан 40 мың теңгені ұрлап, белгісіз бағытта жоғалып кетті деген хабарлама келіп түсті. Оқиға бейнебақылау камераларына жазылды.

Келіп түскен шағымнан кейін тәртіп сақшылары жедел түрде күдіктінің кім екенін анықтады. Жанармай құю бекеті орналасқан сол көшедегі жалдамалы пәтерлердің бірінде 36 жастағы ер адам ұсталды. Ол бұрын бірнеше рет сотталған. Тонау сәті кезінде мас күйде болған. Ұрланған ақшаның бір бөлігі тәркіленді. Тергеу "Қарақшылық" бабы бойынша жүргізілуде.

Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салсақ, Алматы қаласының тәртіп сақшылары ломбардқа жасалған қарулы қарақшылық шабуылдың жолын кескені туралы жазған болатынбыз.

Учаскелік полиция инспекторлары өздерінің әкімшілік аймақтарын аралау кезінде Әшімов көшесінде орналасқан ломбардтың жанынан өтіп бара жатып, іштен шыққан әйелдің айқайын естіген. Сол уақытта ломбардтың ішінен тапанша және пышақпен қаруланған екі адам жүгіріп шығыпты. Олар полиция қызметкерлерін көріп, қашып кетуге әрекет жасаған, алайда ойлары нәтижесіз аяқталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1893166-petropavlda-zanarmaj-ku-beketindegi-tonau-reketi-videoga-tsip-kaldy/

pixel