"Қасында өлі күшік жатты": Ақмола облысында құлағына оқ тиген ит табылды
Жарияланған күні:
Ақмола облысы Целиноград ауданындағы Қосшы ауылдық округінде жануарлар құқығын қорғаушылар құлағына оқ тиген итті тауып алған.
vd_stopotlov Instagram парақшасындағы видео авторының сөзінше, иттің қасында өлі күшік жатқан.
"Міне, оқ тиген ит. Федя жануарларды қорғайтын орыннан келді. Мен мұнда ұйықтатын дәрі алып келдім. Қазір оны ұйықтатып, ауруханаға апарамыз. Иттің құлағынан атқан. Тағы қандай жарақаттары бар екенін әзірге білмейміз. Ол қатты қорқып қалған дірдектеп жатыр", - дейді видео сыртындағы әйел даусы.
"Оны орайын деп едік. Бізді жақындатпады", - деп қосты келіншек.
Құтқарушылар итті ауруханаға барып, алғашқы көмек көрсеткен деп жазады NewTimes.kz агенттігі.
Видео авторларының сөзінше, түнде көршілер иттің даусын естіген.
"Көршілер түнде бір адамдардың қарда жүретін көлікпен сырғанап жүргенін және иттің қыңсылын естігендерін айтты. Бәлкім, осылайша түнде біреулер көңіл көтергенге ұқсайды", - дейді автор.
Сөз соңында ол иттің жарақат алса да, қақаған аязда күшік туғанын айта кетті.
NewTimes.kz агенттігі аталған жайтқа байланысты пікір алу үшін Ақмола облыстық полиция департаментіне жүгінген.
Айта кетейік, соңғы кезде елімізде жануарларға қорлық көрсету жағдайы жиі белең алып жүр.
Мәселен таяуда әлеуметтік желіде тағы бір жүргізушінің итті көлікке байлап, сүйреп бара жатқаны суреттелетін видео тарады.
Ролик Instagram желісіндегі Inucobo зоологиялық қорғау ұйымының парақшасында жарияланған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1894767-ksigi-kasynda-li-zatyr-akmola-oblysynda-klagyna-ok-tigen-it-tabyldy/