Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Неткен қатыгездік": Желіде итті көлікпен сүйреген тағы бір видео пайда болды

Опубликовано:

Видео
Видеодан кадр: instagram.com/inucobo_kz

Әлеуметтік желіде тағы бір жүргізушінің итті көлікке байлап, Ақмола облысының Қоянды ауылындағы жол бойымен сүйреп бара жатқаны суреттелетін видео тарап, кеңінен талқыланып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ролик Instagram желісіндегі Inucobo зоологиялық қорғау ұйымының парақшасында жарияланды.

Видео авторы өзін жануар қорғаушысы ретінде таныстырған. Оқиғаның Ақмола облысының Қоянды ауылында байланған иті бар көліктің артында келе жатқан көлік салонынан таспаланғаны белгілі болды.

Әрі қарай кадрдан әйел адамның жүргізушіні қуып жетіп тоқтатқанын байқау қиын емес. Осыдан кейін ер адам көліктен шығып, итті босатып, жаяу алып кетеді.

Бұны көрген оқырмандар ит иесінің қылығына ашуланды.

"Адамдарда мұндай қатігездік қайдан пайда болған", "Итті осынша қорлауға бола ма?", "Масқара", "Ит жеті қазынаның бірі ғой", "Осындай жауыз болуды қайдан үйренген", "Неткен қатігездік" деді олар.

Пікір жазғандардың басым бөлігі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми аккаунтын белгілеп, мұндай әрекеттерді тоқтату үшін тиісті шаралар қабылдауды сұрады.

NUR.KZ тілшісі аталған жағдайға байланысты Ақмола облысының полиция департаментіне хабарласып, түсініктеме алды. Ведомствоның баспасөз қызметі көптің талқысына түскен видеоны зерттегендерін хабардар еткен.

"Осы фактіге сүйене отырып, иттің иесі, Қоянды ауылының 37 жастағы тұрғыны анықталды, ол осылайша өзінің итін серігіне жетелеп бара жатқанын түсіндірген. Иттің құлағанын көргеннен кейін, ол дереу тоқтап, итті әрі қарай жаяу жетектеген" делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894665-netken-katygezdik-zelide-itti-klikpen-sjregen-tagy-bir-video-pajda-boldy/

pixel