Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды ​облысында жол апатынан полицей қаза тапты

Жарияланған күні:

Жол апаты
Көрнекі фото: NUR.KZ

Бір күн бұрын Қарағанды ​​- Балқаш тас жолында адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты болды: Қаза тапқандардың бірі полицей деп хабарлайды Қазақстан Ішкі істер министрлігінің ресми сайты Polisia.kz.

Тергеу мәліметтері бойынша, Shacman көлігінің 59 жастағы жүргізушісі Қарағандыға ​​бағыт алып келе жатқанда, көлікті басқара алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетеді. Салдарынан ол 35 жастағы тәртіп сақшысы басқарған ВАЗ автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апатынан ВАЗ жолаушылары - 30 жастағы полицей мен 46 жастағы облыс тұрғыны ауыр жарақаттар алып, оқиға орнында қаза тапты.

Өзге көлікті басқарған 35 жастағы полиция қызметкері түрлі дене жарақаттармен Балқаш қаласының Орталық емханасына жатқызылды.

«Қарағанды ​​облысы ішкі істер органдарының басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Қайтыс болған полиция капитаны Дәурен Қабдығалиев 2009 жылдың мамырынан бастап билік органдарында жұмыс істеді, үйленген, бір баласы бар", - делінген ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталған факті Қазақстан республикасының Қылмыстық кодексінің 345 бабы 4-бөлімі - "абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыратын жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша тергеу жүргізілуде.

Еске салсақ, бұған дейін синоптиктер Қазақстанның 10 өңірінде дауылды ескерту жариялағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1895044-karagandy-oblysynda-zol-apatynan-policej-kaza-tapty/