Атырауда ішімдікке сылқия тойған әйелдер ресторан алдында жаға жыртысты
Опубликовано:

Атырау облысында алкогольді сусын тұтынған үш әйел ресторанның алдында төбелесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 23 қаңтар күні түнгі сағат 03:29 шамасында Атырау қаласы, Азаттық көшесінде орналасқан ресто-бар алдында 32, 33 және 28 жастағы әйел азаматшалар өзара келісе алмай төбелес шығарған.
Олардың ресто-бардың ішінде көңіл көтеріп, ішімдік ішкені белгілі болды.
"Аталған азаматшалар, патрульдік полиция қызметкерлерімен наркологиялық сараптамадан өткізіліп, сараптама нәтижесімен женіл дәрежелі мас күйде болғандықтары анықталды. Оларға қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, сағат 20:00-ден кейін жұмысын жалғастырып, Атырау облысының бас санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 21 қаңтарындағы №1 қаулысын бұзып, карантин режимін сақтамаған ресто-барға қатысы жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау ушін Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасына жолданатын болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1895661-atyrauda-isimdikke-sylkia-tojgan-jelder-restoran-aldynda-zaga-zyrtysty/