Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаза тапқандар бар: "Көкшетау-Атбасар" тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды (видео)

Жарияланған күні:

Жол апаты
Көрнекі фото: nakanune.ru

Әлеуметтік желіде "Көкшетау-Атбасар" тас жолының Зеренді учаскесінде болған жол апатының видеосы тарады. Қаза тапқандар бар деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ақмола облысының полиция департаменті жол апаты болғанын растады.

"18 ақпанда "Көкшетау – Атбасар" тас жолында жол апаты болды. Toyota Camry және Ваз-21015 автокөліктері соқтығысқан. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайын толығырақ кейінірек хабарлаймыз", - деді полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.

Ол қайтыс болғандар бар екенін де растап отыр. Алайда нақты неше адамның қаза тапқанын нақтыламады. Құқық қорғау органдарындағы Sputnik Қазақстан дереккөзінің мәліметінше, апаттан екі адам көз жұмған.

Облыстың ТЖД баспасөз қызметі өңірде ауа райына байланысты қазір барлық бағыт бойынша жолдар жабық екенін хабарлады. Сондай-ақ, құтқарушылар облыс тұрғындары мен қонақтарынан елдімекеннен тыс жерге шықпауды сұрады.

"Бұған дейін 16-17 ақпанда облыс тұрғындарына ауа райының нашарлауы туралы дабылды ескерту SMS-хабарлама арқылы жеткізілді", - деп атап өтті департамент.

Сондай-ақ, ауа райының нашарлауы мен жолдардың жабылуы туралы "Дәрмен" қосымшасынан немесе 1403 нөмірі арқылы білуге болады.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында кәмелетке толмаған үш жеткіншекті қағып, оқиға орынан қашып кеткен күдікті ұсталғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1899734-qaza-tapqandar-bar-koksetau-atbasar-tas-zolynda-zantursigerlik-zol-apaty-boldy/